«Мектепке жол» акциясы

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау және «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында 6-шы жыл қатарынан 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өтуде.

 

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету.

Акция барысында 6 мыңнан астам мұғалімдердің қатысуымен аула аралау шаралары жүргізілді.

10 мыңнан астам оқушыларға 39 млн теңгеге, демеушілер есебінен 26 млн тенгеге көмек көрсетілді.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсетіп жүрген демеушілер аз емес, олар:

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, «Kaz kon» кондитерлік фабрикасы, КПО б.в. компаниясы, «Альтаир» ЖШС, «Нефте-Газ-Дем» Зейнетақы қоры, «Конденсат» АҚ, облыстық, аудандық және қалалық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» жастар қанаты.

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бір күндік жалақысын облыстың бес білім беру ұйымдарына аударды. Әрбір білім беру ұйымына 1 (бір) миллион тенгеден аударылды. Білім беру ұйымдарының есеп шотына түскен соммаға:
- ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналаған № 15 облыстық көмекші мектеп-интернатының 290 тәрбиеленушісіне оқу құралдары және 55 оқушыға мектеп формасы мен аяқ-киім;

- облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернат-кешенінің 115 оқушысына спорт киімі, футболка және оқу-құралдары;

- № 30 жалпы орта білім беретін мектебінің 65 оқушысына спорт киімі, аяқ-киім, мектеп формасы, күртке, аяқ-киім, қысқы аяқ-киім және оқу құралдары алынды.

- Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің есеп шотына аударылған қаражатқа осы ауданның 160 оқушысына спорт киімдері алынады.

Бұдан басқа, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерімен және мемлекеттік органдармен көмек көрсетілуде.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі