Батыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

2013 жылдың 16-тамыз күні, сағат 10.00-де облыстық қазақ драма театрында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында облыстың білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өткізіледі.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы С.Ж.Шапкенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Р.С.Ахметов, Е.Р.Мұқаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ж.А.Жоңтаева, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық маслихат хатшысы мен депутаттары, барлық аудандар мен қала әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру бөлімдерінің, мектептердің басшылары, мұғалімдері және ата-аналар қатысты.

Кеңес 2012-2013 оқу жылындағы облыстық білім басқармасы жұмысының қорытындысы туралы фильмнің көрсетілуімен басталды.

Облыстағы білім беру жүйесінің жетістіктерін және оның перспективаларын насихаттау үшін аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің, облыстық әдістемелік кабинетінің, «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының көрмесі өткізілді.
Кеңес барысында басқару проблемалары талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Облыста білім беруді дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.

Кеңестің пленарлық отырысында «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері өткізілді.

Облыста білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан үшін облыстың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің наградаларымен наградталды.

Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комітеті атынан білім беру ұйымдарына және аудан әкімдеріне  сыйлықтар мен сертификаттар  табыс етілді.

Ағымдағы жылдың 5-15 тамыз аралығында облыстың 900 педагогін қамтыған 9 бағыт бойынша секциялық отырыс өткізілді.

Білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінің мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшуге білім беру мекемелерінің дайындық деңгейін анықтау, педагогикалық ұжымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың алдағы жылға жұмыс жасау үшін белгілеген стратегиялық бағыттарын айқындау.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың сандық баяндамасы талқыланды. Сандық баяндама 7 тараудан тұрады, онда білім беру саясаты саласының стратегиясы, негізгі шаралары мен нәтижелері туралы ақпарат берілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың аталған баяндамасы аудандық, қалалық білім беру бөлімдері мен басқармаға бағынысты білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізілді.

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі