«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жұмыс берушілер және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дамыту» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары секциясы

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі базасында 2013 жылдың 15 тамызында «Техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарын жұмыс берушілер және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дамыту» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларының секциясы оздырылды.

Секция отырысына 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы БҚО бойынша филиалының сарапшылары қатысты.

Секция отырысында, келесі мәселелер қозғалды: жаңа оқу жылына ЖББМ стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларын уақытында жеткізу мақсатында Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықпен байланысты күшейту, тапсырысты жедел орындау жолдарын табуға ықпал етуі, дуалды оқыту жүйесінде әлеуметтік серіктестермен   жасалатын жұмыстарды ұйымдастыруда бірлескен оқыту-семинарлары қажет екендігі, оқу орындарында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, жалпы білім беретін оқу орындары мен бірлесе жұмыстану жағдайларын жасау, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілген жұмысты жетілдіру, қиын тәрбиеленетін балалармен жүргізілетін психологиялық жұмысты жалғастыру мәселелері талқыланды.

Секция  қорытындысында төмендегідей ұсынбаларды ұсынды:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің директивті, нормативті құжаттарын жүзеге асыру;
2. БҚО ТжКББ ұйымдары түлектерінің кәсіби даярлық деңгейін одан әрі жетілдіру;
3. Колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту мен ауқымын кеңейту, дуальды даярлықтың элементтерін енгізу жұмыстарын жалғастыру;
4. ТжКББ ұйымдары педагогикалық кадрларының кәсіби шеберлігін көтеруге жағдайлар жасау, оқыту үрдісіне қазіргі заманғы оқыту технологияларын кеңінен қолдану;
5. Бітірушілердің кәсіби даярлығын тәуелсіз бағалауды жалғастыру;
6. Мамандар даярлауды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес өндіріс орындарымен бірлесе іске асыру;
7. Мемлекеттік және жеке өнеркәсіп орындарын ТжКБ-ді дамытуға, кадрлар даярлауға белсендендіру;
8. Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі