«Сапалы білім мен тәрбие беру-Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі секциялық жұмыстарының қорытындысы

2013 жылдың 5-15 тамыз аралығында 11 секция отырыстары әр түрлі формада өткізілді. Секция жұмысына 972 педагог-қызметкер қатысты.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында секция отырыстарында төмендегі мәселелер жан-жақты талқыланды:

1. Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінде өткен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім беру ұйымдарын басқару» тақырыбындағы жалпы орта  білім беру ұйымдарының басшылары секциясында Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің іске асырылу жағдайын жақсарту, жалпы білім беретін мектепте критериалды бағалау үлгісі негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жолдарын қарастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды  жетілдіру,  біліктілікті арттырудың деңгейлік Бағдарламасы арқылы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа  жолдары туралы мәселе талқыланды. Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың сандық баяндамасы талданды.

2. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ-да  біліктілікті арттыру мәселелері бойынша «Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары» атты секцияда біліктілікті арттыру жүйесінде педагог мәртебесін қалыптастырудың жолдары, білім беруді реформалау жағдайында оқушы тұлғасын әлеуметтендірудегі педагогтардың кәсіби педагогикалық қызметі, педагогтардың біліктілігін арттырудың көпдеңгейлі жүйесі, жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өткен және өтіп жатырған тыңдаушыларды ұйымдастыру-әдістемелік қолдау мәселелері сөз болды.

3. Әдістемелік қызмет мамандарының «Әдістемелік  қызметті дамыту – білім беру ұйымдарында инновациялық қызмет сапасын қамтамасыз ету  факторы» атты секция жұмысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №6 ЖОББМ-де өтіп, мамандар біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтік жаңа амалдарын ұйымдастыру, 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында әдістемелік қызметті жобалау, сыни тұрғыдан ойлау теориясы негізінде педагогтың кәсіби құзырлылығын жетілдіру мәселелерін талдады.

4. Шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша Сырым ауданы Бұлдырты ЖОББМ-дегі ресурс орталығында өткен  «Білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ» тақырыбындағы секцияда 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында шағын жинақты мектептегі білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері, ресурстық орталықтар арасындағы семинар-кеңестер, сабақтар өткізілуін ұйымдастыру негіздері, РО мұғалімдері мен магниттік мектеп мұғалімдеріне әдістемелік семинарлар өткізу реті, шағын жинақты мектеп жағдайында оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және басқару туралы сөз болды.

5. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбымен өткен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен мектепалды даярлық тобы мұғалімдері секциясында білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік-дамыту ортасын құру, мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық бейімдеудің жаңа амалдары,  білім берудің жаңарған мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың аймақтық компоненттерін жүзеге асыру, педагогикалық процестің  жаңа үлгісін құру арқылы  тәрбиеленушілердің басты құзырлылықтарын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында инклюзивті білім беру мәселелерін шешу туралы мәселелер қызу талданды.

6. «Білім берудің жаңа үлгісіне көшу жағдайында жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапхананың білімдік ресурстары» тақырыбындағы  білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлерінің секциясында мектеп кітапханаларын қаржыландыру, электронды оқытуды ендіру жұмыстары, ақпарат технологияларын белсенді ендіру негізінде оқу-тәрбие процесіне көмек ретінде озық педагогикалық тәжірибе мен әдебиетті насихаттау жөні, есеп құжаттарын әзірлеу процестерін автоматтандыруды ендіру, оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары, біліктілікті арттыру, мектеп кітапханаларының үлестірілген корпоративті электронды каталогын жасақтау жөніндегі кәсіби бірлестік құру, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

7. «Жалпы орта білім мазмұны мен сапасы» секциясында пәндерді оқыту сапасын арттыруда білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселесі, ақпараттық технологияларды енгізу, жетілдіру және пайдалану  саласында педагогтар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыру, мұғалімдердің әдістемелік шеберлілігін шыңдау, құзырлылық  тұрғысында білім беру арқылы әлемдік білім кеңістігіне енудің жолдарын қарастыру, 12 жылдық  білім  беру жүйесіне көшу  жағдайындағы оқушының құзыреттілігінің моделі, дарынды балалармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері, оқушылардың оқудағы жетістігін бағалаудың жаңа тәсілдері, жаңа Мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартымен жұмыстану туралы айтылды;

8. «Техникалық  және кәсіптік білім беруді жаңғырту- еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің маңызды факторы» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген секциялар отырысында, келесі мәселелер қозғалды: оқу жылына ЖББМ стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларын уақытында жеткізу мақсатында Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықпен байланысты күшейту, тапсырысты жедел орындау жолдарын табуға ықпал етуі, дуалды оқыту жүйесінде әлеуметтік серіктестермен   жасалатын жұмыстарды ұйымдастыруда бірлескен оқыту-семинарлары қажет екендігі, оқу орындарында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, жалпы білім беретін оқу орындары мен бірлесе жұмыстану жағдайларын жасау, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілген жұмысты жетілдіру, қиын тәрбиеленетін балалармен жүргізілетін психологиялық жұмысты жалғастыру мәселелері талқыланды.

9. Тәрбие жұмысы проблемасы  бойынша өткен «Қазақстан Республикасының тәрбие беру саласындағы ұлттық саясат: өзекті проблемалары  және даму  болашағы» секциясында «ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы» негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау мен сараптама үлгісі көрсетіліп, жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу,  кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, Қазақстан Республикасының  балалардың құқығын қорғау заңнамасындағы өзгерістер және «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы, сынып жетекші мен ата-ананың бірлескен әрекеті – баланы дамыту мен қалыптастырудағы әлеуметтік орта және білім беру мекемелерінде туристік – өлкетану қызметі туралы мәселелер талқыланды.

10. «Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда  жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбында өткен арнайы түзеу және инклюзивті білім берудің мәселелері секциясында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беру үрдісінде қазіргі ақпараттық - коммуникациялық технологияны енгізу бойынша шаралар жасақтап іске асыру, инклюзивті білім берудегі кездесетін қиындықтарды шешу жолдары; үйден оқитын оқушылар үшін қашықтан оқытуды ұйымдастыру, қоғамның заманауи даму кезеңінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтік-педагогикалық қолдаудағы кездесетін қиындықтарды шешу, инклюзивті білім беруде балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептер арасындағы ара қатынас механизмін жетілдіру, түзету кабинетінің жағдайында әр түрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзете-оқытудың материалдарын дайындау мәселелері де қаралды.

1

2

3

4

5

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі