«Қазақстан Республикасының тәрбие беру саласындағы ұлттық саясат: өзекті проблемалары мен даму болашағы» атты облыстық тамыз кеңесінің тәрбие жұмысы проблемасы бойынша секциясы

2013 жылдың 12-14 тамызында «Қазақстан Республикасының тәрбие беру саласындағы ұлттық саясат: өзекті проблемалары мен даму болашағы» атты облыстық тамыз кеңесінің тәрбие жұмысы проблемасы бойынша секциясы өткізілді. Секция отырысына тәрбие жұмысына жетекшілік ететін аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері,  білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог – психологтар, әлеуметтік педагогтар мен мектеп тәлімгерлері қатысты, барлығы 103 адам.

Секция жұмысының 1-ші күні 12 тамызда «Еуразия» туристік – сауықтыру кешенінде ашылу салтанаты, «Туризм әліппесі» шеберлік сыныптары мен «Біз бір топпыз» атты танысу  кеші өткізілді. Қатысушылар шеберлік сыныптарында туристік техникаларын меңгерді, танысу кешінде тренинг-жаттығулар мен қызықты ойындарға белсене қатысты.

2-ші күні 13 тамызда секция жұмысы 3 бөлімнен тұрды:

1) Назарбаев зияткерлік мектебі базасында  секция жұмысының отырысы өтті. Отырысқа құқық қорғау, ішкі саясат, ішкі істер, дін істері мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Жұмыс барысында  Қазақстан Республикасының  балалардың құқығын қорғау заңнамасындағы өзгерістері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы мәселелер талқыланды.

2) Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері шығармашылық шеберхана ұйымдастырды.

3) Шеберлік сыныптарында іс-тәжірибелер алмасулар болды.

Секция жұмысының 3-ші күні 14 тамызда «Еуразия» туристік – сауықтыру кешенінде «Үш күннің ғажайып сәттері» тақырыбында газет қорғау, концерттік бағдарламалар және жабылу салтанаты өткізілді.

Шығармашылық ізденістері мен жетістіктері үшін аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, Орал қалалық «Ақбұлақ» шығармашылық тобы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі