«Шағын жинақты мектептегі білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ» тақырыбында шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша секция

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 тамызы күні Сырым ауданының Бұлдырты жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында «Шағын жинақты мектептегі білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ» тақырыбында шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша секция өткізілді. Секцияға барлық аудандардан әдістемелік кабинеттің шағын жинақты  мектеп проблемаларына басшылық жасайтын мамандар, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептер (ресурстық орталықтар) басшылары және магниттік мектептің мұғалімдері, барлығы 80 адам қатысты.

ШЖМ секциясының басты мақсаты: шағын жинақты мектептердегі білім беру процессін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу.

Секция жұмысы екі бөлімнен ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде қатысушыларға «Тірек мектеп – ресурстық орталық жағдайында оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастыру жолдары» атты презентация-көрме көрсетіліп, «Ресурстық орталық – мұғалімдердің кәсіби өсуі, оқушылардың шыңдалуы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Екінші бөлімде қатысушылар үш секцияға  бөлінді: 1 секцияда дөңгелек үстел ұйымдастырылып, шығармашылық пікірталас ұйымдастырылды, 2 секция семинар түрде өткізіліп, тақырыптар ақпараттық-аналитикалық мәлімет бойынша берілді, ал 3 секцияда презентация слайд-шоу түрінде көрсетіліп, қатысушылар өздерінің  тәжірибесімен алмасты.

Баяндамалар барысында шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері, біріктірілген сыныптарындағы бірпәндік сабақ жоспарының үлгілері, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер, сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері және оқыту принциптері, шағын жинақты мектепте көптілдікті оқыту мәселелері, тірек мектебіндегі (ресурстық орталықтағы) білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, ресурстық орталықтарда элективтік курсты ұйымдастыруы және жүргізілуі бағытында мазмұнды мәліметтер берілді.

Секция жұмысы  соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты, ұсынбаларын берді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі