«Жігер» әскери-патриоттық, далалық лагері

Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысы Ауған ардагерлер қоғамы, ішкі саясат басқармасы, облыстық прокуратура, әскери прокуратура, БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірге 2013 жылдың 10-28 шілде аралығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және ішкі істер органдарында есепте тұрған колледж оқушыларына арналған әскери-патриоттық, далалық «ЖІГЕР» лагерін ұйымдастырды. Лагерь 2 ауысымда өткізіліп 81 оқушыны қамтыды.

Лагерь облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының базасында Шаған өзенінің сол жағалауында орналасқан «Самал» туристік лагері негізінде ұйымдастырылды.

Лагерьдің мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтардың белсенді өмір сүру жағдайын қалыптастыру, туристтік жорықтардағы қауіпсіздік шараларын сақтау, «Қайсар» әскери-патриоттық клубымен тәжірибе алмасу.

Лагердің бағдарламасында АӘД пәні, ҚР ҚК тарихы бойынша сабақтар өткізілді, әскери-патриоттық тақырыбында көркем бейнефильмдер қаралды, №5517, №2029 әскери бөлімдерге,  өлкетану және М.Маметова мұражайларына саяхаттар жүргізілді, әскери-спорттық шаралар: ату және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша сайыстар, «ішімдік, темекі тарту, нашақорлық қолданудың зияндары туралы» лекторийлер, діни істер басқармасы, ішкі істер органдары өкілдермен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскери-интернационалисттермен, Қарулы Күштер және әскери қызмет ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Әскери-патриоттық «Жігер» лагерінің ұйымдастыруына облыстық бюджеттен 7 млн. теңге қаражат бөлінді.

1

2

3

4

5

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі