«Білім берудің жаңа үлгісіне көшу жағдайында жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапхананың білімдік ресурстары» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған секция

2013 жылдың 5 тамызында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы қазақ мектеп-интернат-кешені базасында білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлерінің «Білім берудің жаңа үлгісіне көшу жағдайында жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапхананың білімдік ресурстары» тақырыбында секция жұмысы оздырылды. Секция жұмысына аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты.

Секция барысында заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, мектеп кітапханаларына берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолдану, мектеп кітапханаларын бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы, кітапхана беделін көтеру мақсатында жұмыстар талқылынды.

Алғашқы рет секция барысында ақпараттық технологияны терең меңгерген, интеллектуалдығы жоғары үздік кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында облыстық  мектеп кітапханашылары арасында «Жыл мектеп кітапханашысы - 2013» байқауы оздырылды. Байқауға мектеп кітапханашыларының арасынан үздік кәсіби маман деп танылған 13 кітапханашы қатысты.

Байқауда кітапханашылар «Мен және менің кітапханам», «Табысқа жету кілті», «Ұшқыр ойлы кітапханашы», «Шығармашылық ізденіске жетелейді» шарттары бойынша сынға түсті.

І орынды Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің кітапханашысы Нұрғалиева З. Қ., ІІ орындарды Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі Жамбулова И. Б. және Орал қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі Исқалиева Г. Е., ІІІ орындарды облыстық М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының кітапхана меңгерушісі Нұғманова А. Н.,  Қаратөбе ауданы, Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Тналиева Б. Б. иеленсе. «Креативті кітапханашысы», «Кітапханашы - зерттеуші», «Талантты кітапханашы» номинациялар анықталды. Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі