«Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» облыстық педагогикалық тамыз кеңесінің секция отырыстарының БАҒДАРЛАМАСЫ

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді 2013-2014 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Еліміздің білім жүйесін дамыту ісінде

Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!

 

Білім беру қызметкерлерінің 2013 жылғы дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесінің  тақырыбы: «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы».

Білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінің мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшуге білім беру мекемелерінің дайындық деңгейін анықтау, педагогикалық ұжымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың алдағы жылға жұмыс жасау үшін белгілеген стратегиялық бағыттарын айқындау.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының идеялары және  оны іске асырудың жолдарына талдау жасалады.

 

«Сапалы білім мен тәрбие беру-

Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы»

облыстық педагогикалық тамыз кеңесінің секция отырыстарының

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Секция жұмыстары

Өту орындары: БҚО. Орал қаласы, Тасқала ауданы Тасқала селосы, Бөрлі

ауданы Ақсай қаласы, Сырым ауданы Бұлдырты селосы

5 тамыз, дүйсенбі

1 секция

Дөңгелек үстел

«Білім берудің жаңа үлгісіне көшу жағдайында жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапхананың білімдік ресурстары»

Өтетін орны: Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы №11облыстық қазақ мектеп-

интернат кешені

Қатысушылар: А(Қ)ӘК әдіскерлері, мектеп кітапханашылары

6 тамыз, сейсенбі

2 секция

 

Педагогикалық  идеялар  фестивалі

«Білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ»

Өтетін орны: Сырым ауданы Бұлдырты орта жалпы білім беретін

мектебі

Қатысушылар: АББ шағын жинақты мектеп проблемаларына

басшылық жасайтын мамандар, шағын жинақты мектептің директорлары, мектеп директорының оқу немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ресурстық орталықтың директорлары, орынбасарлары

7 тамыз, сәрсенбі

3 секция

Подиумдық жарыссөз

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары»

Өтетін орны: Орал қаласының МДҰ № 45 «Нұрсәт»,  № 46 «Ақжайық»

Қатысушылар: аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің

әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтары, мектепалды даярлық  тобының тәрбиешілері

4 секция

 

Конференция

«Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары»

Өтетін орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»

Қатысушылар: аудандық, қалалық әдістемелік кабинет

меңгерушілері, тірек мектебінің директорлары, мұғалімдер

8 тамыз, бейсенбі

13 тамыз, сейсенбі (Он-лайн режимінде)

5 секция

 

Конференция

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында  оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары»

Өтетін орны: Орал қаласы №42 «Ақ ниет», А.Макаренко

атындағы №6 ЖОББМ, ОББЖАО (№216 ауд)

Қатысушылар: А (Қ)ӘК  әдіскерлері, пән мұғалімдері

8 тамыз, бейсенбі

6 секция

9.00-13.00

Семинар

«Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда  жаңа технологияларды пайдалану»

Өтетін орны: облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені

Қатысушылар: арнаулы мектеп – интернат директорлары,

ПДПК және ППТК меңгерушілері, әдіскерлері, мамандары

12 тамыз, дүйсенбі

7 секция

Дөңгелек үстел

«Әдістемелік  қызметті дамыту – білім беру ұйымдарында инновациялық қызмет сапасын қамтамасыз ету  факторы»

Өтетін орны: Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №6 ЖОББМ

Қатысушылар: А(Қ) ӘК меңгерушілері, мектеп директорының

оқу-әдістемелік  жұмыс жөніндегі орынбасарлары

8 секция

 

Конференция

«Қазақстан Республикасының тәрбие беру саласындағы ұлттық саясат: өзекті проблемалары  және даму  болашағы»

Өткізілетін орны: НЗМ

Қатысушылар: тәрбие жұмысына басшылық жасайтын А (Қ)ӘК

әдіскерлері,  білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог – психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп тәлімгерлері

14 тамыз, сәрсенбі

9 секция

 

Семинар

«Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім беру ұйымдарын басқару»

Өтетін орны: Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейі

Қатысушылар: А(Қ) ББ басшылары, мектеп директорлары

15 тамыз, бейсенбі

10 секция

 

Конференция

«Техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарын жұмыс берушілер және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дамыту»

Өтетін орны: Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Қатысушылар: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

басшылары

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі