«Жайық жастары есірткіге қарсы» облыстық фестиваль оздырылды

Маусым айының 29 жұлдызында «Дарын» қосымша білім беру орталығында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы, облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жайық жастары есірткіге қарсы» облыстық фестиваль оздырылды. Фестивальдің мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтындағы дербес жауапкершілік сезімін қалыптастыру, зиянды заттардан аулақ болуға үгіттеу.

Аталған шараға қаламыздың, аудандардың жалпы білім беретін мектептерден 9 наркобекет топтары, барлығы 60 оқушы қатысты. Бұл Ақжайық ауданы М. Әуезов атындағы №2 ОЖББМ, Бөрлі ауданы №5 ОЖББМ, Бөкейорда ауданы Қ.Сағырбаев атындағы ОЖББМ, Қаратөбе ауданы Шөптікөл ОЖББМ, Сырым ауданы Ж. Досмұхамедов атындағы ОЖББМ, Зеленов ауданы Трекин ОЖББМ, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ОЖББМ, Теректі ауданы Ақсуат ОЖББМ, Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖББМ–нің наркобекет топтары. Фестиваль 4 байқау бойынша өтті –презентация байқауы, "Өмір сүру керемет!" атты үгіт топ байқауы, «Дені сау болу - сәнді» шығармашылық үй тапсырмасы, «Біздің жоба»  әлеуметтік  зерттеу жобасы. Барлық топтар тамаша дайындығын көрсетті.

Фестиваль нәтижесінде әр номинация бойынша орындар берілді. «Презентация» байқауында Бөкейорда ауданы  Қ.Сағырбаев атындағы ОЖББМ 1 орынға, Бөрлі ауданы №5 ОЖББМ 2 орынға, Қаратөбе ауданы Шөптікөл ОЖББМ 3 орынға ие болды. «Үгіт топ» байқауында Жәнібек ауданы Ұзынкөл ОЖББМ 1 орынға иеленсе, 2 орынға Бөрлі ауданы №5 ОЖББМ, ал 3 орынға Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖББМ иеленді. Шығармашылық үй тапсырмасы бойынша Зеленов ауданы Трекин ОЖББМ 1 орынды, Ақжайық ауданы М. Әуезов атындағы №2 ОЖББМ 2 орынды,  Теректі ауданы Ақсуат ОЖББМ 3 орынды жеңіп алды. Үздік жоба байқауында  1 орынға Бөрлі ауданы №5 ОЖББМ оқушылары, 2 орынға Бөкейорда ауданы Қ.Сағырбаев атындағы ОЖББМ, 3 орынға Сырым ауданы Ж. Досмұхамедов атындағы ОЖББМ-нің наркобекет топтары иеленді. Фестивальдің жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдарымен және «Үздік жоба» байқауы «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлесітігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Жайық жастары есірткіге қарсы» атты облыстық байқауына қатысқаны үшін және қатысушы балаларды конкурсқа дайындағаны үшін жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

1

2

3

4

5

6

7

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі