«Қазақстанның болашағы нашасыз» атты облыстық суреттер және плакаттар байқауы өтті |
Ағымдағы жылғы 26 маусымда, жазғы демалыс лагерлері және мектептен тыс жұмыс орталығы оқушылары арасында «Қазақстанның болашағы нашасыз» атты сырттай облыстық суреттер және плакаттар байқауы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Байқау «Өркен» қосымша білім беру орталығы негізінде сырттай 3 кезеңде өтті. Облыстық кезеңге байқаудың аудандық, қалалық кезеңдерінде әр жастағы топтан жүлделі 1-ші орын алған оқушылар қатысты. Байқауға Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Теректі, Тасқала, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала аудандарының оқушылары қатысты, барлығы 33 жұмыс ұсынылды. Байқаудың қорытындысы бойынша, суреттер бойынша 1-4 сынып арасында I орын –Алтынбеков Азамат, Жаңақала ауданы, Пятимар ОЖББМ оқушысы; II орын – Фазиханова Айару, Бөкейорда ауданы, А.Құсайынов атындағы ОЖББМ оқушысы ; III орын – Маратов Бекзат Ақжайық ауданы №1 ОЖББМ оқушысы; 5-9 сынып арасында I орын –Ахметше Нарул, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ оқушысы ; II орын – Ғалымжанов Заманбек, Жаңақала ауданы, Пятимар ОЖББМ оқушысы; III орын – Юсупова Айсулу Жаңақала ауданы Пятимар ОЖББМ оқушысы; 10-11 сынып арасында I орын - Рашидов Айбар, Ақжайық ауданы, №1 ОЖББМ оқушысы; II орын – Сарсемәлі Бұлбұл, Бөкейорда адуаны, А.Құсайынов атындағы ОЖББМ оқушысы; III орын – Орынбасаров Даулет, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ОЖББМ оқушысы; плакаттар бойынша 1-4 сынып арасында I орын – Мұратханова Жамалай, Бөкейорда ауданы, А.Құсайынов атындағы ОЖББМ оқушысы; II орын – Орынбаев Елжас, Сырым ауданы; III орын – Мендешов Азат, Ақжайық ауданы, №1 ОЖББМ оқушысы; 5-9 сынып арасында I орын – Булатов Алдияр, Тасқала ауданы, балалар мектептен тыс жұмыс орталығының оқушысы; II орын – Абдушева Эльвира, Теректі ауданы, Федоровка ОЖББМ оқушысы; III орын – Аршимов Аслан, Ақжайық ауданы, №1 ОЖББМ оқушысы; 10-11 сынып арасында I орын – Мақуов Ұзақбай, Жаңақала ауданы, Пятимар ОЖББМ оқушысы; II орын – Юсипенко Наталья, Бөрлі ауданы, №6 ОЖББМ оқушысы; III орын – Юсупова Назгүл, Теректі ауданы, Федоровка ОЖББМ оқушысы. Байқауға қатысушылар Облыстық білім басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды. |