Пресс-релиз

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының 2013 жылғы 4 маусымдағы №325/ОД бұйрығына сәйкес, өз еліне деген мақтаныш, отансүйгіштік және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ педагогтар мен оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында 2013 жылдың 2 – 9 шілдесі аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу  экспедициясы өткізіледі. Экспедиция барысында оқушылар зерттеулер жүргізу үшін аймақтарды аралайды.

Аталған экспедиция шеңберінде қаламызға Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 48 оқушы және 10 мұғалімнен құраған делегация жол тартпақ.

Делегация сапарының бағдарламасында облыс мұражайларын аралау, «Зенит» АҚ, «Агрореммаш» АҚ, «Белес» агрокешені, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (бекіре балығын өсіру шаруашылығы, керамзит жасап шығару зертханасына оқыту экскурсиясы, ЖОО ғалымдарымен «дөңгелек үстел») нысандарын зерделеу, «Жайық» қалашығы, облыстық экологиялық-биологиялық орталығымен танысу сапары, А.Островский атындағы облыстық драма театры спектаклдері, әйгілі ақын А.Бақтыгереевамен кездесу, түрлі интелектуалдық шаралар ұйымдастыру, қызықты тұлғалармен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар оқушылар танымдық экскурсиямен Ақжайық, Сырым және Зеленов аудандарына барып, Сырым Датұлы, Алаш-Орда қайраткерлері, В.И.Чапаев, М.Шолохов, Қадыр Мырза-Әли туралы материалдар жинаумен айналысады.

Өз кезегінде біздің оқушыларымыз ағымдағы жылдың  28 маусымы мен 14 шілдесі аралығында осындай экспедициямен Өскемен қаласына аттанбақ.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі