«Кадрлық әлеует: проблемалары және болашағы» тақырыбындағы педагогикалық кадрларға арналған республикалық семинар

2013 жылдың 27 маусымы күні 10-00-де Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда мемлекеттік білім беру саясатының талабына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде кадрлық потенциалды жетілдіру бойынша стратегиясын, болашағы мен негізгі қызмет бағыттарын анықтау мақсатында «Кадрлық әлеует: проблемалары және болашағы» тақырыбында республикалық семинардың пленарлық отырысы оздырылды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының, «Өрлеу» АҚ ҰБАО өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, жоғарғы оқу орындарының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кадр мәселесіне жетекшілік ететін мамандары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, кәсіподақ өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Педагогикалық қызметтегі инновация - білім беру қызметкерлерінің кәсіптік құзырлылығын көтерудің құралы» тақырыбында көрмесімен таныстырылды.

ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Дюсембаева Айман Тельманқызының «Қазақстан Республикасы білім беру саласының кадрлармен қамтамасыз етілуінің қазіргі жағдайына талдау. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлық әлеуетті жетілдіру жолдары» тақырыбында, ҚР БжҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы зертханасының басшысы Наждиева Гүлнар Саденқызының «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшілік есеп беруді жаңғыртудың негізгі аспектілері» тақрыбында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің проректоры Жүсіпкалиева Ғалия Хайдарқызының «Орта білім беру жүйесіне кадрларды дайындауда ЖОО мен білім мекемелерінің арасындағы негізгі байланыстар» тақырыбында, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының кадр және ұйымдастыру жұмысы бойынша бөлім басшысы Сражиева Алина Мұхитдинқызының «Азаматтық қызметшілерді аттестаттау мәселелері туралы» тақырыбында, «Өрлеу» АҚ ҰБАО Орал қаласындағы филиалының директорының орынбасары Елдос Набиоллаұлы Сафиуллиннің «Білім жетілдірудегі педагогтің кәсібилігі» тақрыбында, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ахметова Роза Қамашқызының «Педагогикалық тьюторлық қызмет - кадрлардың кәсіптік өсу факторы» тақырыбында, Қарағанды облысы білім басқармасының  кадрлық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Саттыбаева Алия Рахимбекқызының «Білім саласын жаңғыртудағы педагог кадрлардың мәртебесі» тақырыбында, Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастырушылық-бақылау және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы Ташенова Рахима Зикирияқызының «Үздік педагог» конкурсы - мұғалім мәртебесін арттыру және қоғамның негізгі бейнесін жүзеге асырудың кепілі» тақрыбында баяндамалары тыңдалды.

1

2

3

Орал қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернат-кешені және Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында «Педагогтің кәсіби құзырлылығы – білім саласын жаңғыртудың негізгі нәтижесі» және «Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлауда инновациялық бағыт» тақырыптарында секция отырсы өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынбалар талқыланып, қабылданды.

4

5

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі