«Кадрлық әлеует: проблемалары және болашағы» тақырыбындағы педагогикалық кадрларға арналған республикалық семинардың БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2013 жылдың 27 маусымы күні 10-00-де «Кадрлық әлеует: проблемалары және болашағы» тақырыбында республикалық семинардың пленарлық отырысы оздырылады.

Өткізілетін орны: Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония.

Қатысушылар саны: 200 адам.

Семинар мақсаты: Мемлекеттік білім беру саясатының талабына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде кадрлық потенциалды жетілдіру бойынша стратегиясын, болашағы мен негізгі қызмет бағыттарын анықтау.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының, «Өрлеу» АҚ ҰБАО өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, жоғарғы оқу орындарының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кадр мәселесіне жетекшілік ететін мамандары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, кәсіподақ өкілдері қатысады.

9.30-дан 10-00-ге дейін «Педагогикалық қызметтегі инновация - білім беру қызметкерлерінің кәсіптік құзырлылығын көтерудің құралы» тақырыбында білім басқармасының көрмесі таныстырылады.

14.00-16.30 аралығында «Педагогтың кәсіби құзырлылығы – білім саласын жаңғыртудың негізгі нәтижесі» және «Кәсіби стандарт - педагогикалық кадрларды сапалы даярлаудың негізі» тақырыптарында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде секция отырыстары өткізіледі.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынбалар қабылданады.

Толық ақпарат қажет болған жағдайда мына мекенжайға хабарласуға болады: Орал қаласы, Есқалиева көшесі 72, байланыс телефоны 26-04-74.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі