Орал ақпараттық технологиялар колледжінде өткен «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудағы заманауи тәсілдер мен инновациялық технологиялар» атты Халықаралық семинар-практикумы

2013 жылдың 18 маусымында Орал ақпараттық технологиялар колледжінің базасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудағы заманауи тәсілдер мен инновациялық технологиялар» атты Халықаралық семинар-практикумы оздырылды.

Халықаралық семинар-практикумының мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және әлеуметтендіру бойынша отандық және шет ел тәжірибелерімен танысып, іс-тәжірибелерімен алмасу болатын.

Семинарға Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының өкілдер, «Арба» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақ саңыраулар қоғамының» директорлары, облыстық есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат кешені, Ресей Федерациясының Тольятти әлеуметтік-экономикалық колледжі мен Саратов құрылыс технологиялары мен қызмет көрсету саласы техникумының өкілдері қатысты.

Семинар-практикумды Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Гладков А.Г. құттықтау сөзімен ашып, келген қонақтарды семинар бағдарламасымен таныстырды. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға инклюзивті білім беру- олардың өмірін өзгертіп жақсартудағы мүмкіншілік- бұл бағытты Орал ақпараттық технологиялар колледжі ұжымы атынан директорының ОІЖ орынбасары Бисалиева Ж.Е., ОӘЖЖ орынбасары Ильясова Ж.Р., ОТЖЖ орынбасары Голенок С.Е., арнайы пәндерінің оқытушысы Качурина А.Б., педагог-психолог Искакова А.М. баяндамаларын ұсынып, колледжде 2012-2013 оқу жылында атқарылған жұмыстары мен инклюзивті оқыту мәселелері жөнінде ой қозғады. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің тірек-қимыл қозғалыс аппараты функциясы бұзылған №18 топ оқушылары сөз алып, оқып отырған оқу мекемесінде беріліп жатқан тәрбиелері мен білімдеріне ризашылықтарын білдіріп, осы оқу мерзімі ішінде көптеген жақсы өзгерістер мен әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді.

Облыстық есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат кешенінің дефектологі Мурзагалиева Г.Г. сурдопедагогі Тимофеева Е.В. мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жүргізілетін  жұмыстардың ерекшеліктері туралы атап өтті. «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Батпанкулова, «Қазақ саңыраулар қоғамының» төрайымы Туенбекова М.Б. бірлесе жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтып, жүргізіліп отырған жұмыстарға оң баға беріп, келешекте де бірлесе жұмыс жасауға ниеттерін білдірді.

Ресей Федерациясының Тольятти қаласының Тольятти әлеуметтік-экономикалық колледжіндегі есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған тұлғаларға арналған оқу-тәрбиелеу үрдісінің құрылымы бағыты бойынша Тольятти әлеуметтік-экономикалық колледжі өкілдері Васильева Л.В., Горолатова .Т.С., Вершинина А.Ф., Онлайн режимінде Саратов техникумына оқытуға даярлау туралы Саратов құрылыс технологиялары мен қызмет көрсету саласы техникумының директоры Егоров В.Н., Саратов құрылыс технологиялары мен қызмет көрсету саласы техникумы директорының орынбасары Гладков Д.А.таныстырып, пікір алмасты.

Семинар соңында әдістемелік ұсыныс үлестірілді. Екі жақтың келісім шартқа отырып, болашақта маман даярлауда бірлесе жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік жасайтыны туралы  айтылды.

1

2

3

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі