«Қоғамдағы оң өзгерістер негізінде кәсіптік білім беруді жетілдіру» атты облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларының кеңесі

2013 жылдың 11 маусымда Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі базасында білім беру ұйымдарын басқаруда нормативтік құжаттарды басшылыққа алу, басқарудың жаңаша әдіс-тәсілдерін жетілдіру, инженер-педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқу орнын дамыту бағытындағы перспективалық жұмыстарды жүзеге асыру, кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын талапқа сәйкес жабдықтау бағыттарында тәжірибе алмасу мақсатында  БҚО білім басқармасы, Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, ТжКББҰ директорлары, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі өңіраралық орталығы, «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалы, Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы БҚО бойынша филиалының қатысуларымен «Қоғамдағы оң өзгерістер негізінде кәсіптік білім беруді жетілдіру» атты облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының кеңесі оздырылды.

Кеңес барысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары - Е.С.Катаевтың «Кәсіптік білім беруде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен Свердлов облысының Первоорал Новотрудным заводы арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту», Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, облыстық директорлар кеңесінің жетекшісі - Ш.Х.Құрманалинаның «Республикалық директорлар кеңесінің кезекті отырысында қаралған мәселелер және облыстық директорлар кеңесінің алдағы міндеттері», Технологиялық колледжінің директоры - Б.Ж.Какимованың «ТжКББҰ инженер-педагогтарының біліктілік курстарын ұйымдастыру мәселелері» баяндамалары тыңдалып, оқу орны басшылары өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы БҚО бойынша филиалының директоры - Қ.Ғ.Ақдәулетовтың «Батыс Қазақстан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша кәсіптік дайындық деңгейін бағалаудың 2-ші кезеңін өткізу барысы», МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры - А.О.Хамзина «2012-2013 оқу жылындағы ТжКББҰ оқу-әдістемелік үдерісінің жағдайы», БҚО білім басқармасының кәсіптік білім және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы - Ж.Т.Есқалиевтің «2012-2013 оқу жылының қорытындысы және алдағы міндеттер», БҚОББ қосымша білімді  дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы - Л.Қ.Батырғалиеваның «Жазғы әскери-патриоттық далалық лагерьлерді ұйымдастыру туралы» қорытынды мәліметтері талқыға салынды. Бұл кеңес басшылар үшін жан-жақты мәселелерді қозғап, оқу-өндірістік жұмыстардың ұйымдастырылуы, оқу бағдарламаларының жағдайы, инженерлік-педагогтардың сапалық құрамын көтеру, біліктілік курстарының сапасы т.б туралы қызу пікір алмасу болды. Бұл шара келесі оқу жылына деген үлкен тың серпіліс берген, алдағы міндеттерді анықтаған шара болды. Кеңес қорытындысы ұсыныс-пікірлермен жалғасты.

1

2

3

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі