Бақытты балалар – бейбіт еліміздің тірегі

Ғажайып шақ өмірдің бал дәурені,
Естен кетпес осы кездің ән дәурені.
Ертегілер еліндей таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән дәурені!

Бар байлығымыз, бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де, сәні де солар. Жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақтың ең тамаша мейрамы - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай өңіріміздің кішкентай бүлдіршіндері үшін облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының базасында облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы, «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз» мерекелік іс-шарасы оздырылды. Акцияның басты мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, балалардың шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік туғызу, өмірге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Аталған шараға облыстық соқыр және көздері нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-инернаты, №15 облыстық көмекші мектеп-интернат кешенінен барлығы 60 оқушы қатысты.

Мерекелік шараның ашылу салтанатына облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің жас көшбасшылары сайқымазақ кейіпінде қызықты ойындармен, әсерлі қойылыммен өрнектелген бағдарламасын ұсынды. №7 жалпы орта мектебінің оқушысы Ким Катя ән шырқап, №1 қалалық саз мектебінің балғын бишілері би биледі. Облыс әкімінің орынбасары С.Сүлеймен бүлдіршіндерге әдемі тілек жолдай отырып, балаларға облыс әкімі атынан сыйлықтар сыйлады.

Балалардың алғысы ретінде облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Камашева Жібек өзінің «Экспо-2017» көрмесіне орай салған туындысын тарту етті.

Мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндер көңілді сайқымазақтармен бірге ойындар ойнап, би билеп, қолдан қиылған алақандарға бір-біріне ақ тілектерін жазып, асфальт үстіне «МИР» сөзін жазды.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балаларға тамаша көңіл күй, бақытты балалық шақ сыйлайтын шаралар көбие берсін!

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі