«Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы инновациялық дамуы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

2013 жылдың 29 мамырында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі базасында «Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы инновациялық дамуы» тақырыбында оқу – әдістемелік қабинетінің жоспарына сәйкес ТжКББ ұйымдары оқу орындары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен облыстық ғылыми – практикалық конференция болып өтті.

Ғлыми-практикаылқ конференцияға БҚО Білім басқармасының кәсіптік білім және кадрлар даярлау бөлімінің бастығы Ж.Т.Есқалиев, Республикалық  техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми- әдістемелік орталығы БҚО бойынша филиалының маманы Ж.С.Хайруллин қатысты.

Конференцияда оқу орындарының қазіргі заманға сәйкес жүйелі дамуы туралы негізгі сұрақтар талқыланды. Оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары баяндамаларында қазіргі кездегі оқу орындарындағы кездесетін қиын жағдайлар мен оны шешу жолдарындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысын қорытындылаған кезде келесі ұсыныстар қабылданды:

- 2013 оқу жылдың 1 шілдесіне дейін оқу орындарының оқу жұмыс жоспарлары облыстық әдістемелік кабинетпен келісе отырып, бекітілсін;

- Білім беру ұйымдары алдағы 5 жылға перспективалық-инновациялық  бағдарламасын жасасын;

Перспективалық –инновациялық бағдарламасын жасау кезінде келесі негізгі қағидаттар жүзеге асырылу ескерілсін:

- Білім беруді дамыту қағидаттары (ТжКББ жаңа  мамандықтары мен кәсіптерін енгізу, ашу арқылы);

- Инновациялық дамытудың жобалау қағидаттары (ғылыми бақылау және инновациялық жобаларды орындауға мақсатты  - бағдарламалық бағыт арқылы);

- Білім беруді дамыту қағидаттары (әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік,  қоғамдық ұйымдар, жұмыспен қамту, басқару ұйымдарымен өзара әрекет ету жүйесі арқылы);

- Әлеуметтік серіктестермен жүйелі жұмыс жоспарлары жасақталсын;

- Әлеуметтік серіктестерден мемлекеттік тапсырыстарға ұсынбалар алу;

- Стратегиялық инвестициялық қағидаттар (білім беру орындарын білім беру қызметімен қамтудың жаңа деңгейін құру арқылы, деңгейлі және сатылы даму арқылы жоғары сапалы мамандарды даярлаумен қамтамасыз ету мақсатында);

- Білім беру ортасындағы инновациялық дамудың қағидаттары ескерілсін, (білім берудегі негізгі субьектінің бірі болып саналатын білім беру мекемесі білім беру ортасын қалыптастыруда  білім берудің қолжетімділігін негізге алсын).

1

МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің техникалық және
кәсіптік білім бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі