Өмірдің қиын жағдайға тап болған балалар және отбасылармен жұмыс туралы облыстық семинар-практикум

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 28 мамырында арнаулы білімді дамыту және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жұмыс бойынша семинар-практикум өткізілді.

Семинардың жұмысына білім бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, облыстық интернаттық мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік педагогтары мен психологтары қатысты.

Семинарда өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметінің негізгі түрлеріне балалардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, көлемі және қызметті ұсыну шарттарына талдау жасалды.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органы мамандарының әлеуметтік жетімдіктің алдын алу әдістерінің бірі ретінде өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен және қолайсыз отбасылармен жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған оқушылармен жұмыс бойынша әлеуметтік – психологиялық қызметтер жобаларының презентациясы  қорытындысы бойынша ең үздік болып психолог Н.М.Куанышалиеваның (Зеленов ауданы) және әлеуметтік педагог С.В.Геймурдың (Бөрлі ауданы) жобалары танылды.

Семинардың соңында семинарға қатысушылармен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамаларды білулері бойынша жасырын сауалнама жүргізілді.

Семинарға қатысушыларға практикалық көмек көрсету шеңберінде бала еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу және алдын алу, отбасы қолайсыздығының алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша нұсқау хаттар, сонымен қатар бала еңбегін ұйымдастыру бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мамандарына және жазғы кезеңде жұмысқа орналасқылары келетін жоғарғы сынып оқушыларына жадынамалар ұсынылды.

Сонымен қатар семинарды ұйымдастырушыларымен семинарға қатысушыларға оқушылардың отбасында, мектепте және жасөспірімдермен қарым-қатынаста сенімділікті орнату мен олардың құқықтарын бұзуды анықтау фактілері бойынша оқушылар үшін сауалнама үлгісі дайындалды және  таратылды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі