«Білім берудегі құзыреттілік: оның орындалу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция

2013 жылдың 28 мамырында Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында (директоры А.Г.Гладков) Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББҰ әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Білім берудегі құзыреттілік: оның орындалу жолдары» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция оздырылды. Конференцияның мақсаты - білім беру үрдісін жаңартуда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтеру, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда тәжірибе алмасу. Атаулы ғылыми-практикалық конференцияға ТжКББҰ әдіскерлері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция екі бөлімнен құрылды: теориялық және практикалық бөлімдерден құрылды.  Бірінші бөлімде баяндамалар тындалып, қатысушылар өз баяндамаларында білім беру үрдісін жаңартуда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтеру мәселесіне тоқталды.

Конференцияның екінші бөлімінде Қаратөбе колледжі, Технологиялық колледжі және Орал ақпараттық технологиялар оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері шеберлік-класстар көрсетті. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Г.М.Иманбаева 1 курс оқушыларымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында практикалық сабағымен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар конференцияда «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбындағы «Техник-программист» мамандығы бойынша оқу тобында Өзін-өзі тану пәнінен шеберлік класы көрсетілді. Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Ахметова  «Ұлттық нақыштарды енгізу арқылы әйелдер пальтосын заманауи үлгіде өңдеу» тақырыбында практикалық сабағын ұсынды.

Ғылыми-практикалық конференция соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, қатысушылар  колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтену және кәсіби дайындықтың сапасы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазіргі кәсіби білікті маман дайындығы оқу-тәрбие үдерісін қайта құру мен жаңартуды талап етеді. Жаңашылдық пен кәсіби іс-әрекетті әдістемелік жағынан қамту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бағытында өзара тәжірие алмасылды.

Конференцияға қатысушылар теориялық және практикалық мәліметтер жинақтағаны үшін алғыстарымен қоса, өз ұсыныстарын білдірді.

1

2

МДЖОжКББҰООӘК техникалық
және кәсіптік білім беру бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі