Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Мамандық-2013» атты облыстық байқауы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімі, Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 27 мамырында Орал политехникалық колледжі базасында Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мамандық - 2013» атты облыстық байқауы оздырылды.

«Мамандық-2013» кәсіби шеберлік байқауының мақсаты мен міндеттері – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (меншік түріне байланыссыз) мамандар даярлаудың сапасын, техникалық және кәсіптік мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, білікті кадрлар даярлау үдерісінде олардың кәсіби-тұлғалық өсуін ынталандыру, дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады.

Байқаудың бағдарламасы келесідей кезеңдерден құрылды: «Мамандығым-мақтанышым» (өзін-өзі таныстыру), «Кәсіби бағдарлау жұмысы» (өз мамандықтарын жарнамалау), «Тосын жағдаят», «Менің мамандығым-менің болашағым» (эссе жазу, үй тапсырмасы), «Он саусағынан өнер тамған» (қатысушының авторлық шығармашылығы).

Бұл байқауға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 29 оқушы өтініш беріп, белсене қатысты. Қатысушылар өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Барлық маман иелері өз мамандықтарын дәріптеген тәрбиелік мәні бар бұл байқауға қатысушылар тиянақты даярлықпен қатысты.

Байқауға қазылық еткен Республикалық біліктілікті беру және бекітудің ғылыми-әдістемелік орталығы БҚО филиалының сарапшылары, қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандары, облыстық жастар бірлестігінің жетекшілері, әлеуметтік серіктестер  қатысушылардың сахналық мәдениетін, шығармашылық идеясын, шешендік шеберлігін, сауаттылығын, сарапқа сала отырып, жоғары бағалады.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төменде аталған оқушылары марапатталды:

Бас жүлде - Жортабаева Құндыз, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;

І орын – Сарсенова Ақерке, Орал «Сервис» технологиялар колледжі;

ІІ орын – Казанцев Дмитрий, Орал «Мақсат» медициналық колледжі;

ІІ орын - Скок Александр, Орал политехникалық колледжі;

ІІ  орын - Жолдасқалиев   Нұрғали, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

ІІІ орын – Сағынтаева Нұрайна, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі;

ІІІ орын – Қыдыров Айбатыр, Жанақала колледжі;

ІІІ орын – Жамелова Армангүл, Теректі колледжі және номинациялармен: «Жарнамалау шебері» - Куатов Амиржан, Батыс Қазақстан инженерлік-экономикалық колледжі; «Мамандығың дәріптеуші» -  Гусман Әділжан, Казталов колледжі; «Кәсіби бағдар жұмысы» - Бақаев  Альбек, М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі; «Тапқыр шешім қабылдау» - Елжан Бахытгүл, Шыңғырлау колледжі; «Шығармашылығымен дараланған» - Ахмешова Ару, Сервис және жаңа технологиялар колледжі; «Үздік эссе» - Қайратова Нұргүл, Қаратөбе көлледжі; «Мамандығым мақтанышым» - Сапаров Райымбек, Құрманғазы атындағы саз колледжі марапатталды.

1

2

3

МДЖОжКББҰООӘК техникалық
және кәсіптік білім беру бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі