ХІІІ облыстық «Бағдаршам-2013» жас қозғалыс инспекторларының слеті өз мәресіне жетті

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жас  қозғалыс инспекторларының «Бағдаршам-2013» слеті биылғы жылы да өз жалғасын тапты.

Аталған шара Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы және Батыс Қазақстан облысының жол полиция басқармасы ұйымдастыруымен өтті. Облысымыздың барлық аудандарының жас қозғалыс инспекторлары топтарын қамтыған слеті қатысушылардың жан-жақты қырынан танытуға мүмкіндік берді.

Слеттің мақсаты: балаларды азаматтық жауапкершілікке, жоғары мәдениетке, кәсіптік бағдарға, ұйымшылдыққа тәрбиелеумен қатар жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелеріне үйрету, оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру, жолда байқап жүру, көшедегі көліктен сақтану, жол ережелерін баланың бойына жастайынан сіңіру.

Жас жол қозғалыс инспекторлары «Саптық байқау», «Жол қозғалысы ережесінің білгірі», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жас реттеуші», «Жас тілші», «Жас тазалықшы», «Сардарлар сайысы», «Үгіт топтары»  «Эрудиттер турнирі» аталамдары бойынша сынға түсті.

Слеттің қортынды есебімен жалпы командалық І орынға Орал қаласы ие болды. Ал, ІІ орынға Ақжайық және Жәнібек аудандарының жас инспекторлары қол жеткізсе, ІІІ орындар Жаңақала, Зеленов және Тасқала аудандарының қатысушыларына берілді.

Барлық жеңімпаздар білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Слеттің жүлделі І орын иегері Орал қаласының № 1 ЖОББМ командасы ағымдағы жылдың маусым айында «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында өтетін Республикалық слетке жолдама алды.

Облыстық слеттің жеңімпаздарына Республикалық слетте өңіріміздің намысын қорғауда сәттілік тілейміз.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі