«Оқу үдерісіндегі жаңа технологиялар жетістіктері» атты облыстық әдістемелік семинары

2013 жылдың 23 мамырында Зеленов колледжі базасында арнайы пәндер және өндірістік сабақтарда оқытудың жаңа технологияларын қолдану әдістерін насихаттай отырып, тиімділігін арттыру, инженер-педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру, оқу-әдістемелік кешен және көмекші әдістемелік құралдар авторларының (республикалық, облыстық деңгейде бекітілген) тәжірибелерін жинақтау мен тарату, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың іс-тәжірибелерінің таралуына жағдай жасау мақсатында, арнайы пәндер мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Оқу үдерісіндегі жаңа технологиялар жетістіктері» атты облыстық әдістемелік семинары оздырылды.

Әдістемелік семинар барысында оқытудың жаңа технологияларын арнайы пәндер және өндірістік сабақтарында пайдаланудың әдіс-тәсілдері арқылы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілген жұмыстар («Металл технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен құрастыру талаптары», Ауылшаруашылық колледжінің  оқытушысы – В.Ружин, «Требования к разработке учебно-методического комплекса по черчению», Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжінің сызу пәні  оқытушысы - Н.Шамагина, облыстық ғылыми-әдістемелік бірлестікте мақұлданған жұмыстар («Тік белдемшені өңдеу, «Орал «Сервис» технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері - Т.Кужакова, «Салық және салық салу» пәнінен ОӘК құрастыру әдістемесі», Орал қаржы-экономикалық колледжінің оқытушысы - Г.Кауиева, «Арнайы пәндерді оқытуда оқу - әдістемелік кешенді дайындау» әдістемелік нұсқауымен, облыстық «Үздік әдістемелік кешен» байқауының жеңімпаздары, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің оқытушылары - Г.Абилькаримова мен Ф.Жубанова және «Создание и использование электронных учебных пособий на уроках спецдисциплин», Зеленов колледжінің оқытушысы - А. Вайтюк және оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті тақтаның мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәліметтер беріліп, тәжірибе алмасылды. Бұл шара қатысушылар тарапынан шығармашылықпен жұмыстанатын оқытушылар мен өндірістік шеберлерге әдістемелік нұсқау беру бағытындағы тиімді шара болды. Семинар қорытындысы ұсыныс-пікірлер және сауалнамалармен жалғасты.

1

2

3

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі