Облыстық «Жылдың таңдаулы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» атты сырттай байқауы

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және педагог-психолог, дефектолог, емдік дене шынықтыру мамандарының кәсіптік шеберлігін арттыру арқылы балаларға түзете – дамыту жұмысына көмек беру жүйесін жетілдіру мақсатында Облыстық білім басқармасының базасында ағымдағы жылдың 6-8 мамыр күндері «Жылдың таңдаулы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті – 2013» облыстық сырттай байқауы өткізілді.

Байқауға 11 аудандық психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті, (бұдан әрі ППТК-і) 10 педагог-психолог, 11 дефектолог және 6 емдік дене шынықтыру мамандары қатысты.

Ұсынылған материалдардың қорытынды нәтижесінде 1 орын Тасқала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі Исмагулова Н.А.) жеңімпаз атанып,  2 орын – Шыңғырлау ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі Есенова А.К.) және де 3 орын - Казталов ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті (меңгерушісі Салыхова Д.Ж.) жүлдегер атанды.

Сырым ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті «Нәтижеге бағытталған кабинет» (меңгерушісі Ниязгалиева А.К.), Теректі ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті «Шығармашылық кабинет» (меңгерушісі Галиева Г.М.) номинацияларға ие болды.

Педагог-дефектолог мамандығы бойынша: 1 орын – Хасенова Ұлбосын Ерболатқызы (Бөкей ордасы ауданының ППТК-і), 2 орын – Баймұханова Назгүл Жанатайқызы (Шыңғырлау ауданының ППТК-і), 2 орын – Алиева Айгүль Камешевна  (Тасқала ауданының  ППТК-і), 3 орын – Кустаубаева Клара Наурызғалиқызы (Ақжайық ауданының ППТК-і), 3 орын – Аюпова Ахлима Ануарбекқызы (Қаратөбе  ауданының ППТК-і) жеңімпаздары атанды.

Педагог-психолог мамандығы бойынша: 1 орын – Садыкова Нұрбану Зайдоллиевна (Сырым ауданының  ППТК-і), 2 орын – Таттыгулов Ержан Сансызбаевич (Тасқала ауданының ППТК-і), 2 орын - Казимова Нұрсәуле Есқалиқызы (Жаңақала ауданының ППТК-і), 3 орын – Насенова Светлана Бақтығалиқызы (Жәнібек ауданының ППТК-і), 3 орын – Умаргалиева Даметкен Жәрдымғалиқызы (Теректі ауданының ППТК-і) жүлделерге ие болды.

Емдік дене шынықтыру мамандығы бойынша: 1 орын – Имангалиев Женис Гайнешович  (Тасқала ауданының ППТК-і), 2 орын – Бисенбиев Қуаныш Мерекеевич (Сырым ауданының ППТК-і), 2 орын - Сисенов Мереке Утегенұлы (Бөкей ордасы ауданының ППТК-і), 3 орын – Тақаев Бақсиық Темірболатұлы (Казталов ауданының ППТК-і), 3 орын – Снытко Юлия Викторовна (Теректі ауданының ППТК-і) жүлдегерлері атанды.

Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі