«Математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жобалау технологиясын қолдану жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

Елбасы Н. Назарбаевтың саясатын іске асыру, «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасының идеясы, «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» мақсатында 2013 жылдың 27 сәуірінде   Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес математика пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі мүшелерінің қатысуымен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі базасында математика пәні оқытушыларының (11 пән оқытушысы) өзара іс-тәжірибесімен бөлісу, ғылыми ізденіс жұмыстарын тарату, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында «Математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жобалау технологиясын қолдану жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы оздырылды.

Конференция барысында студенттердің ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында қолданылып жүрген жобалау технологиясының теориялық негізі талданып, математика бағытындағы пәндерден жасақталған ақпараттық, ізденушілік, т.б. жобалар ұсынылды. Сарапшылар құрамы: Ш.Х. Құрманалина, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры; А.О. Хамзина, БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры; М.К. Нұгазинова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы; Р.Қ. Ильясова, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты педагогика пәні оқытушысы ұсынылған жобалардың өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтарын, атап айтқанда, математиканы жобалап оқыту, жобалау элементтері мен технологияларын оқушыларға пайдалануды үйрету екенін атап өтті. Қатысушылар жобалау технологиясын оқытуда тиімді қолдану жолдарымен танысты. Конференция жұмысының қорытындысы ретінде   қатысушыларға арнайы дайындалған сауалнаманы өткізуімен аяқталды.

1

2

3

ҚО МДЖОТжКББҰООӘК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі