Облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың 2012-2013 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушыларының арасында өткізіледі.

Тәуелсіз Қазақстанда 1997 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы өткізіліп келеді. Бұл жоба ағымдағы жылда 16-шы рет өткізілді.

Олимпиаданың республикалық кезеңі жаратылыстану-математика пәндері бойынша Талдықорған қаласында 2013 жылдың 11-17 наурызында, ал қоғамдық- гуманитарлық пәндер бойынша Тараз қаласында 25-30 наурызда өтті.

Олимпиаданың қорытындылары бойынша облыстың құрама қомандасы 4 алтын, 8 күміс, 11 қола медальдармен марапатталды.

2013 жылдың 16 сәуірі күні облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың биылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және ұстаздарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында облыс әкімі Н.А.Ноғаев оқушыларды жеңістерімен құттықтап, жетістіктері үшін оқушыларға және ұстаздарға алғыс білдірді,  оқушылардың алдағы жоспарларын сұрап әңгіме өрбітті.

Облыс әкімі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиада жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен медальдарын табыс етті және ұстаздарға естелік кітаптарын сыйлап, ескерткіш суретке түсті.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі