«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияны тиімді қолдану – жоғары білім сапасының кепілі» тақырыбында облыстық семинар-практикум

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен филологтардың I республикалық съезінің облыстық кезеңіндегі іс-шаралар жоспарына cәйкес ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияны тиімді қолдану – жоғары білім сапасының кепілі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үздіксіз дамыту, оқу пәндер аясындағы тәжірибелік, танымдық қызметін белсендіру негізінде сабақ беру әдістерін қалыптастыру.

Семинар теориялық және практикалық  түрде ұйымдастырылды. Теориялық бөлімінде 2012 жылы «Үздік педагог» атағын алған Ақжайық ауданы, Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ мұғалімі Б.Ізбасарова өз тәжірибесімен және әріптестері қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар, тілді меңгертудегі жаңаша тәсілдер, оқытудағы талаптар мен мүмкіндіктер туралы пікір айтып, шеберлік сыныптарын көрсетті.

Практикалық бөлімінде облыс мұғалімдері филологияның бүгіні мен болашағы туралы сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырылуы туралы өз ойларын айтып, үздік баяндамаларды анықтады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі