Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткен «Отансүйгіш азамат, тұлғаны қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының маңызы» облыстық ғылыми-практикалық конференция

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының Орал қаласы және Орал өңірінің тарихи, мәдени дамуын оқып білуді насихаттау, тарихи ұлттық құндылықтарды меңгеру негізінде жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында «Отансүйгіш азамат, тұлғаны қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының маңызы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2013 жылдың 29 наурызында Жоғары техникалық мектебі базасында колледждер оқытушылары арасында оздырылды.

Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы секциялар форматында ұйымдастырылды.

Облыстағы зерттеудің жаңа жағдайынан хабардарлық, өзіндік мәліметтердің болуы, оның талдануы, қорытылуы нәтижесінде оқытушылардың зерттеу, шығармашылық жұмыстарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Жайық өңірінің белгілі тұлғалары, туған жердің тарихы, табиғаты туралы еңбектер, қазақ халқының ұлттық бұйымдарын жасаудағы ерекшеліктерін көрсетудегі жаңа технологияларды қолдану арқылы шеберлік кластары іске асырылды.

Облыстық конференциясының тақырыбына сәйкес кең көлемде ұйымдастырылған ұлт дәстүрінде қолданылып келген түрлі бұйымдар көрмесі сәтті ұйымдастырылып, конференцияға қатысушылары мен құзіретті сарапшылардың жақсы ой-пікірлері қалыптасты.

Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей анықталып: «Туған жердің тарихы» секциясы бойынша 1 орын – Өтешова Жанар Жасқайратқызы (Орал ақпараттық технологиялар колледжі), 2 орын – Лұкбанов Талап Бекетұлы (Жаңақала колледжі); 3 орын – Милехин Виктор Викторович (Рубежка колледжі), «Туған өлкесінің тарихын насихаттаушы» номинациясымен – Ильясова Райса Касымовна, Айгүл Бисенбаевна Искалиева (Ж.Досмұхамедов атындағы колледжі); «Өлкетану әдебиеті және тіл білімі» секциясы бойынша 1 орын Сагатова Гульнара Габбасовна (Ж.Досмұхамедов атындағы колледжі); 2 орын - Төлегенов Ибрай Хасанович (Каратөбе колледжі); 3 орын - Джантулина Марал Тулеугалиевна (А.Иманов атныдағы жол-көлік колледжі) және  «Туған өлке мен тілдің жанашыры» номинациясы - Рыскалиева Альфия Турановна (Жоғарғы техникалық мектебі); «Жайықтың шығармашылық бейнесі» секциясы бойынша 1 орын – Жоңқарбаева Жанат Жұмагереевна (Ж.Досмұхамедов атындағы колледжі); 2 орын – Искакова Эльмира  (Орал гуманитарлық колледжі); 3 орын – Сисенова Бағдагүл Кенжетайқызы (Орал  ақпараттық технологиялар колледжі) және «Өз өлкесін өнерімен өрнектеген» номинациясы бойынша Идгеева Кунсулу Избасаровна (Западно-Казахстанский инженерно-экономический колледж) облыстық білім беру басқармасының дипломдары және грамоталарымен марапатталды.

Облыстық ғылыми-практикалық конференциясын кең ақпараттандыру мақсатында БАҚ өкілдері шақырылды.

1

2

3

4

5

БҚО ББ Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім беру
облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің
техникалық және кәсіптік білім беру
бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі