Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагогтарының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтарының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы Білім басқармасының 2013 жылдың 6 наурызындағы №131 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл инженер-педагогтарды, олардың әдістемелік жұмысты  жетілдіруде инновациялық, дәстүрлі емес ұсыныстарын  анықтау және тәжірибесін тарату, ең үздік әдістемелік идеяларды айқындау, үздік әдістемелік тәжірибелерді жинақтау, әдістемелік инновациялық іс-әрекеттерді анықтау, ғылыми-ізденушілік әдістемелік жұмыстарды  жинақтау мақсатында  2013 жылдың 26 наурызында Орал гуманитарлық колледжі базасында оздырылды.

Облыстық байқау екі кезеңнен өткізілді. Сырттай түрде өткізілген І кезең ағымдағы жылдың 18 наурызында өтініш бойынша тапсырылған педагогтардың әдістемелік іс-әрекеттер туралы материалдары – оның ішінде мамандарды дайындаудағы білім сапасын арттыру көрсеткіші, озық тәжірибе, әдістемелік іс-әрекеттеріне инновацияны енгізгені туралы мәліметтер тапсырылды. Бұл кезеңнен өткен байқау қатысушылары келесі кезеңге жіберілді.

ІІ кезең үш турдан құрылды.

1 тур – Презентация (қатысушы әдістемелік ойдың  мазмұнын, практикалық қолданылуын «панорамалық сабақ», «шеберлік класс» т.б түрде презентациялайды, уақыты 15  минут).

2 тур - «Шығармашылық көрме» (Шығармашылық лабораториясы, бейне материалдар, әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) нұсқаулар, альбомдар, бұйымдар, құрылғылары т.б. ұсынылады).

3 тур – «Сын сағат» (Қатысушының жаңа инновациялық технологияларды меңгеруі, еркін қолдана алуы бағаланады).
Облыстық «Әдістемелік идеялар фестивалі» байқауына колледждерден шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтары арасындағы жалпы, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Бұл шараға облыстағы колледж оқытушылары белсене  қатыса отырып,  жеке әдістемелік идеяның өзектілігі мен жаңашылдығы туралы,  әдістемелік және ғылыми-ізденушілік жұмыстарды презентациялауы, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісі, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құралдарды шығару туралы мәлімет беруі, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру туралы ұсынымдары, озық тәжірибемен бөлісуі, білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістерін енгізу және жетілдіру жұмыстары туралы, білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру , білімді өндіріспен байланыстыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстары арқылы шараның мазмұнын аша түсті.

Әділқазылар байқауға қатысушылардың тәжірибелерін сарапқа сала отырып, нәтижеге бағытталған тәжірибелерді іріктеп, жастарды өз кәсібіне баули отырып, бизнеске бейімдей оқытып тәрбиелеу бағытындағы идеяларды жоғары бағалады.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төмендегі оқытушылары марапатталды:

І орын – Т. Қ. Кужакова («Сервис» технологиялар колледжі);

ІІ  орын – М. Т. Джумабекова (Ж.Досмұхамедов  атындағы педагогикалық колледжі);

ІІІ орын – С. С. Бисалиева (Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі);

ІІІ орын – Д.А.Кунакбаева (Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі);

«Шебер ұстаз» аталымы - М.Н.Тылик (Ауылшаруашылық колледжі);

«Оқыту технологияларын ұтымды қолданушы» аталымы - Ж.Н.Бекжанова (Жәнібек колледжі);

«Жаңашыл педагог» аталымы- К.И. Идгеева (Ақсай инженерлік-экономикалық колледжі);

«Шығармашыл тұлға» аталымы- З.Қ.Тажикбаева (Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі);

«Кәсіби біліктілігі жоғары педагог» аталымы- К.Ф.Фазылов (Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі);

«Озық педагогикалық бастама»  аталымы - Г.Ж.Ташенова (Орал гуманитарлық колледжі).

1

2

3

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі