«Бастауыш мектептегі ағылшын тілі пәнін оқытудағы жаңаша тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен филологтардың I республикалық съезінің облыстық кезеңіндегі іс-шаралар жоспарына cәйкес ағымдағы жылдың 18 наурызында Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі пәнін оқытудағы жаңаша тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана білу ерекшеліктерін көрсету.

Семинар теориялық және практикалық  түрде ұйымдастырылды. Теориялық бөлімінде тақырыпқа сәйкес әдіскерлер мен мұғалімдер бастауыш сыныптағы ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялар, тілді меңгертудегі жаңаша тәсілдер, ерте жастан ағылшын тілін оқытудағы талаптар мен мүмкіндіктер, жұмыс барысындағы қиындықтар мен мәселелер қозғалып, «Gambrige University Press» баспасының әзірленген ағылшын тілінің бейімделген оқулықтарын бастауыш сыныпта сынақтан өткізу жұмыстарымен таныстырылды.

Практикалық бөлімінде мұғалімдер тақырыпқа сай ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастырып тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі