«Білім беру үрдісіндегі виртуалды технологиялар» атты облыстық конференциясы

2013 жылдың 13 наурызында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі базасында (директоры С.А.Алимбеков) мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жанындағы электр-радиотехникалық, байланыс мамандықтары, электротехника арнайы пәндері және физика пәні оқытушыларының әдістемелік бірлестігі «Білім беру үрдісіндегі виртуалды технологиялар» облыстық конференциясы білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың алатын орны мен теориялық, практикалық жұмыстар барысында пайдаланылуы, озық тәжірибемен бөлісу мақсатында ұйымдастырып өткізді.

2012-13 жаңа оқу жылында Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінде орнатылған қондырғыларды пайдалану – ақпаратты нақ осы шақта байланыс арқылы алу тәжірибесі туралы,  Бөкей ордасы колледжіндегі «Unitrain - I» бағдарламасын пайдалану оңтайлылығы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіндегі бұлттық технологиясын пайдалану ерекшеліктері жөнінде (шалғайдағы серверлер арқылы байланыс жасау мүмкіндігі) тыңдаушылар мол мағлұмат алды. Облыстық конференцияға қатысып отырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары ақпаратпен жұмыстану түрлері, интерактивтік модельдер, виртуалдық лаборатория жұмыстары, мультимедиялық презентациялар, ақпараттық бейне-, дыбыс- үзінділері мен анимациялар, физика пәнінен бағдарламаларда қарастырылған және сәйкестендірілген виртуалды лабораториялық жұмыстары көрсетілді. Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің оқытушысы 11 бағдарламалы Multisim технологиялық жұмысымен таныстырды. Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің «Электрқуатымен жабдықтау», «Электроника» пәні  оқытушысы «Electronice Wortbench» күрделі бағдарламасын оқып үйреніп, сол бойынша схемаларды практикада колдану тәжірибесімен таныстырды.

Облыстық конференцияға ұсынылған баяндамалар толықтай тыңдалып, өту барысы қатысушылармен жоғары бағаланды. Алған тәжірибелерінің виртуалды технологияларды білім беру үрдісінде пайдалануды әрі қарай дамытып, бәсекеге қабілетті мамандарды виртуалдық технологияларды кеңінен пайдалана отырып жалғастыратындарын айтып, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.

1

2

3

4

5

МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі