«Қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының жүргізілуі» тақырыбында өткен облыстық семинар – кеңес

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Орал қаласының Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі базасында «Қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының жүргізілуі» атты облыстық семинар – кеңесі өткізілді. Семинар – кеңеске аудандық, қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы, балалар саз мектебі, балалар өнер мектебі, балалар көркем сурет мектептерінің директорлары мен олардың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатынасты. Қатысушылар саны – 63.

Семинардың мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының жүргізілуі, білім деңгейін көтеру, қосымша білім беру мекеме басшыларының құзыреттілігін арттыру және оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін енгізу.

Семинар – кеңес теориялық және практикалық  түрде ұйымдастырылды. Теориялық бөлімінде барлық қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының дұрыс жүргізілуі талқыланып, қосымша білім беру мекемелерінің жұмысында сүйенетін нормативтік және мектепшілік құжаттар, жаңа бағдарламалар берілді. Сонымен қатар 28 ақпанда Астана қаласында өткен «Қосымша білім беру жүйесін жаңарту арқылы білім қоғамына қарай» атты республикалық семинар – кеңесте талқыланған мәселелермен Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығының директоры У.Шадеева бөлісті.

Практикалық бөлімі 3 секцияда ұйымдастырылды.

1 секция Орал қаласының Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі базасында қалалық  балалар саз мектептері мұғалімдерінің шеберлік класстары өткізілді.

2 секция Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығының базасында «Достық алаңы» жобасының тұсау кесері мен ақпараттық – әдістемелік көрмесі ұйымдастырылып, «Көшбасшылар» мектебі мен «Феерия» театр студиясының қойылымымен қорытындыланды.

3 секция Орал қаласының С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің базасында қатысушылар мектептің жұмыс барысымен танысып, шеберлік класстарына қатысты.

Семинар кеңес соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

4

1

2

3

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі