«Ең үздік арнайы педагог» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 27-28 ақпан аралығында  Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің  базасында «Ең үздік арнайы педагог» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 10 логопедтер мен 6 дефектологтар қатысты. Қатыспаған аудандар: Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Зеленов, Сырым.

Мақсаты: аудандық (қалалық)  жалпы орта білім беретін мектептер мен облыстық арнаулы мектеп – интернаттарының білім беру жүйесінде инновацияларды дамыту,   шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи арнайы педагогтарды анықтау, қолдау.

Байқау екі кезеңнен тұрды: сырттай және күндізгі кезеңдер.

Байқаудың сырттай кезеңінде әр қатысушының портфолиосы, ашық сабақтары (бейнетас-па) және «Менің білім беру бағдарламам» атты жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының бағдар-ламасы қаралды.

Күндізгі кезең екі бағыт бойынша 3 турда өтті:

1 – ші тур «Өзін-өзі таныстыру» (3-5 минут).

2 – ші тур «Менің мектептегі бір күнім» атты өзіндік тұсаукесері (5-7 минут).

3 – ші тур «Тәжірибелік іс – шара» (шеберлік кластар,тренингтер; 5-7 минут).

Дефектолог мамандығы бойынша жеңімпаздар:

1 орын –Мустафина Рауила Канатовна (Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты)

2 орын – Абрамичева Светлана Михайловна (Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты)

3 орын – Нугманова Дария Булатовна ( Облыстық №15 көмекші мектеп-интернаты)

Номинация иегерлері:

«Ізденімпаз» - Зайнуллина Асель Адиловна (Теректі ауданы «Бәйтерек» балабақшасы)

«Тәжірибе және шеберлік» - Имангалиева Гульмира Ерболатовна (Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ).

Логопед мамандығы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Гусманова Айман Азаматқызы (Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ)

2 орын – Бекбулатова Лаура Аманжоловна (Облыстық №15 көмекші мектеп-интернаты)

3 орын – Жумагалиева Роза Гусмановна (Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты)

3 орын – Тулеушова Гулсим Сагидоллиевна (Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты)

Номинация иегерлері:

«Ізденімпаз» - Есмагулова Бибигуль Тулеукайровна (Орал қаласы №25 ЖОББМ)

«Тәжірибе және шеберлік» - Денизбаева Алма Едресовна (Теректі ауднаны Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ)

Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі