Оқушылар арасында шаңғы туризмі техникасынан өткізілген облыстық «Ақшақар-2013» жарысы |
2013 жылдың 20-22 ақпан аралығында оқушылар арасында шаңғы туризмі техникасынан облыстық жарыс өткізілді. Жарыс бағдарламасына келесі түрлер енгізілді: шаңғы туризмі техникасынан «Кросс-жорық», шаңғы туризмі техникасының «Жеке» қашықтық, белгіленген бағытта шаңғымен спорттық бағдарлау. Конкурстық бағдарлама «Командалардың ең үздік қойылымы», «Қыс кереметі» бутербродтар байқауы. Жарысқа 112 адамды қамтыған 14 команда қатысты: оның 12 аудандық, Орал қаласынан «Атамекен» командасы, облыстық балалар туризмі орталығының командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте төмендегі командалар жүлделі орындарды иеленді: 1 орын – ОБЖТжЭО-ы; 2 орын – Бөрлі ауданы; 3 орын – Жәнібек ауданы; |