Хабарлама

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы  бос лауазымдарға ашық  конкурс  жариялайды

БҚО әкімдігі білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ директоры, БҚО, Орал қаласы,  Зачаганск кенті, 152-атқыштар бригадасы көшесі, №3 үй,  тел: 87112240543, Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: өмірлік қиын жағдайдағы балаларға әлеуметтік - тұрмыстық,  медициналық, психологиялық, педагогикалық,  еңбек,  мәдени,  экономикалық қызметтерді көрсету.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және басшы лауазымда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

7) Соттылығы бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Білім басқармасы кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысу  үшін  қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күннің ішінде мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс: 090000, Орал қаласы, Есқалиев  көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама  телефоны: 26-04-74.

Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткеннен кейiн аяқталады.

Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.

БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі