Хабарлама

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы  бос лауазымдарға ашық  конкурс  жариялайды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек колледжі» МКҚК директоры, БҚО Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы Киров көшесі, 19, тел. 87113022733, Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, фермер шаруашылығы (бейін бойынша), дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру (бейін бойынша) мамандарын даярлау.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, бiлiм беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейiнiне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтiлi 5 жылдан кем болмауы тиiс.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегiз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмде мынадай құжаттарды ұсынады:
конкурсқа қатысу туралы өтiнiш; мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме; еркiн нысанда жазылған өмiрбаян; бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;  "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу  үшін  қажетті  құжаттар  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күннің ішінде мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс: 090000, Орал қаласы, Есқалиев  көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама  телефоны: 26-04-74.

Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткеннен кейiн аяқталады.

Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.

БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі