«Батыс Қазақстан облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» Батыс Казақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы
21.05.2020 10:06

 

«Батыс Қазақстан облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы»

Батыс Казақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы

 

Батыс Қазақстан облысының

педагогтарын көтермелеудің

қосымша шараларын белгілеу

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысының педагогтарына жергілікті ерекше белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерін осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Тржанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                Аты-жөні

 

 

2020 жылғы «____» ____________ № __

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша

 

2020 жылғы «____» ____________ № __

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

Қаулысымен бекітілген

 

 

Батыс Қазақстан облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын тағайындау сипаттамасы,  оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері

1.Жалпы ережелер

 

1. Батыс Қазақстан облысының педагогтарына жергілікті ерекше белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасы,  оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Тәртіп меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) Батыс Қазақстан облысының педагогтарын білім және ғылым саласындағы еңбектері мен жетістіктері үшін көтермелеу және Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (бұдан әрі - Төсбелгі) және осы Тәртіптің 1, 2 қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің омырауға тағатын белгісімен марапаттау туралы куәлігі белгіленеді.

3. Батыс Қазақстан облысының педагогтарын көтермелеу туралы құжаттар «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесіне байланысты қарастырылады.

4. Төсбелгін беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына материалдар мен құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыс органы «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

2. Төсбелгімен марапаттау негіздері

 

5. Төсбелгімен білім беру ұйымдарында 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтары, мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:

1) Облыстық немесе Республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторлары (серіктес авторлар) болып табылатын тұлғалар;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша күндізгі республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының, «WorldSkills» кәсіби шеберлік біріншілігінің және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін дайындаған;

3) күндізгі кәсіптік конкурстардың, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға қатысушылар болып табылатын тұлғалар марапатталады;

4) өзінің педагогикалық тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейде жинақтаған тұлғалар.

Төсбелгіні беруге 5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаз–педагогтарының кандидатуралары қарауға жіберілмейді.

 

3. Педагогтардың көтермелеудің қосымша шараларын қолдану тәртібі

 

5. Осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес педагогтарды көтермелеуге ұсынымдарды білім беру ұйымдарының басшылары Басқармаға жібереді.

6. Ұсыныстарға педагогтың соңғы 3 (үш) жылдағы жеке кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, студенттердің) жетістіктерін растайтын құжаттар мен материалдар кіреді.

7. Ұсыныс Басқармаға осы Тәртіптің 5-тармағында белгіленген күнге дейін                                                      2 (екі) айдан кешіктірілмей, тиісті құжаттар мен еңбектердің қосымшаларының көшірмелерімен қоса беріледі (портфолио түрінде).

8. Педагогтардың көтермелеу комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) құрамы басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ педагогика,  психология және әдістеме  саласының ғылым қайраткерлері, «Үздік педагог» республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ардагер ұстаздар, жаңашыл педагогтар, әдіскерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 (жеті) адамды құрайды.

Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады. Хаттамамаға Комиссия мүшелері қол қояды.

9. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) кандидаттың өтінішін қанағаттандыру;

2) кандидаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тарту;

3) осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда материалдарды жете ресімдеу үшін кандидаттың өтінімін қайтаруға міндетті.

Материалдарды жете ресімдеу мерзімі хабарламаны алған сәттен бастап                          3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

10. Осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген білім беру деңгейіне сай 1 (бір) үміткерден тағайындалады.

11. Төсбелгіні табыстау салтанатты жағдайда жүргізіледі.

12. Әрбір наградталушыға төсбелгіні тапсырумен бір мезгілде осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша наградтау туралы тиісті куәлік беріледі.

13. Төсбелгімен марапаттау туралы куәлікке Батыс Қазақстан облысының әкімі немесе Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

14. Төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

15. Награда жоғалған, бүлінген жағдайда, төсбелгінің телнұсқалары және оның құжаттары марапатталатын адамның өтініші және жеке куәлігінің көшірмелері бойынша берілуі мүмкін.

 

4. Төсбелгімен марапаттауға біржолғы сыйақы

 

16. Педагогтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем болмайтын сыйақы түріндегі қосымша ынталандыру төлемдерін Комиссия белгілейді.

17. Педагогтарды көтермелеу шаралары, біржолғы сыйақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысының

педагогтарын көтермелеудің

қосымша шараларын тағайындау

сипаттамасына, оларды беру

тәртібіне, оның ішінде біржолғы

сыйақы төлемдерінің мөлшеріне

1-қосымша

 

 

«Батыс Қазақстан облысының  білім  беру  саласына  қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

«Батыс Қазақстан облысының  білім  беру  саласына  қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

Батыс Қазақстан облысының

педагогтарын көтермелеудің

қосымша шараларын тағайындау

сипаттамасына, оларды беру

тәртібіне, оның ішінде біржолғы

сыйақы төлемдерінің мөлшеріне

2-қосымша

КУӘЛІК

 

Батыс Қазақстан облысының

педагогтарын көтермелеудің

қосымша шараларын тағайындау

сипаттамасына, оларды беру

тәртібіне, оның ішінде біржолғы

сыйақы төлемдерінің мөлшеріне

3- қосымша

 

Нысан

Педагогты көтермелеуге ұсыну

 

1.

Т.А.Ә (болған жағдайда)

2.

Туған күні, айы, жылы

3.

Ұлты

4.

Мекенжайы

 

5.

Жұмыс орны

 

6.

Лауазым

7.

Педагогикалық өтілі

8.

Осы мекемедегі жұмыс өтілі

9.

Білімі (бітірген оқу орны, факультеті, бітірген жылы)



10.

Біліктілік санаты

 

11.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

12.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН)

13.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

14.

Марапаттар, көтермелеу

15.

Марапаттауға ұсынылатын үміткердің жеке кәсіби жетістіктері және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері соңғы 3 жылдағы құжаттар мен материалдар

 

16.

Өзге де мәліметтер

 

17.

Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (№ _ хаттама  «____» ____________20__ жыл)

 

18.

Марапатқа ұсынылады

 

 

Қосымша: құжаттар _____ парақ.

Толтырған күні «____» ____________ 20___ жыл

Педагогтың жеке қолы _________________________

Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)

 

Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________

 

Күні «____» ____________ 20___ жыл

 

М.О.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі