«Кәсіби бағдар беру жұмысының мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын кәсіби бағдарлау жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау, арнайы орта білім беретін оқу орындарындағы кәсіби бағдарлау жұмыстарының сапасын арттыру және оқушылар қабылдау туралы мемлекеттік тапсырысты орындаудағы кемшіліктерді болдырмау және өзара тәжірибе алмасу мақсатында 2013 жылғы 28 ақпанда А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында «Кәсіби  бағдар беру жұмысының мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстелді ұйымдастырды.

Алғысөзді оқу орны басшысы Н.Б.Нұрпейсов алып, жүйелі кәсіби бағдарлау жұмыстарының жүргізілуінің техникалық және кәсіптік білім ұйымдары үшін маңыздылығына тоқталса, техникалық білім және кадрлар даярлау бөлімінің бас маманы С.М.Жұмагереев 2012 жылғы мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы баяндады.

Дөңгелек үстелде сөз алған ТжКБ ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары «Кәсіби білім беру жұмысының формалары мен әдістері», «Колледждердегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жүргізілуі» туралы бейнетаспа материалдарымен көрнектеп тәжірибелерімен бөлісті.

Адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру - ертеңгі ел болашағы болар жастарға  мамандық таңдау жолында нақты бағыт-бағдар көрсететіндей  жүйелі ұйымдастырылса, оның болашағына көптен-көп пайдасын тигізетіні сөзсіз.  Кәсіби бағдар беру арқылы  сол кәсіптің қыр-сырын, мақсатын, мәнін түсіндіріп, шынайы түрде көрсетуге болатынын жүйелі жұмыс түрлері мен әдістерін ортаға салып өзара пікір алмасты. Шара соңы ортақ ұсыныстармен қорытындыланды.

1

2

МДЖОТжКББҰО оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі