ҚР Білім және ғылым министірлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Д.Қ.Айтқұловтың Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатында БҚО-на сапары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департамент директоры Айтқұлов Досмұрат Қызылбиұлы 2013 жылдың 25-26 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында болды.

Облыстың білім саласымен танысуды Д.Айтқұлов Назарбаев Зияткерлік мектебінен бастады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу корпусындағы биотехнология, нанотехнология, робототехнология лабораторияларымен, ақпараттық орталығымен, интернат жағдайымен танысты кітапханашылардың республикалық семинарына қатысушылармен, мектеп ұжымымен кездесіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясына кеңінен талдау жасап, білім беру ұйымдарының, соның ішінде дарынды жастарды даярлайтын білім беру ұйымдарының қызметі туралы тоқталды. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

Орал политехникалық колледжінде болғанда оқу орнының заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, олардың оқу үрдісіне қолданылуымен танысты. Колледждің акт залында ұжымның педагогикалық қызметкерлерімен кездесіп, оларға Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттерді түсіндіріп берді.

Орал қаласының №47 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымында ҚР БжҒМ Әкімшілік департаментінің директоры Д.Айтқұлов мекеменің жұмыс барысымен танысты. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтуға толық жағдай жасалғанына тоқтала келіп, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа үлгілеріне көшу және балаларды 100% мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жөнінде тапсырма бергенін және оны орындау мақсатында атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

Облыстық балалар үйіне барған кезде тәрбиеленушілер және педагогтармен кездесті. Тәрбиеленушілермен әңгіме барысында мемлекеттің жаңа Стратегиясы жастарға қандай мүмкіндіктер беретіні және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қандай қомқорлық жасалып жатқанына ерекше назар аударды. Педагогтармен кездесу кезінде Президенттің Қазақстан 2050 стратегиясында ана мен бала мәселесіне көңіл бөлінгеніне тоқталып өтті.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқу-материалдық базасын қарап, Елбасы Жолдауы туралы, Жолдаудан туындайтын жоғарғы оқу орындарының міндеттері жөнінде оқытушылармен және магистратура бітірушілермен әңгімелесті. Оқу орнының ғылыми-зерттеу институтының қызметімен, оның жаңа зертханаларының жұмыстарымен танысты.

Орал қаласындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология  орталығының «Евразия» туристік-сауықтыру кешені жұмысымен танысты. «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде оқушылардың демалысы мен туристік қызметтің ұйымдастырылуын одан әрі дамыту туралы айтылды.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан