Басқарма бастығының білім беру қызметкерлерінің активінде сөйлеген сөзі

Құрметті Нұрлан Асқарұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!

Мемлекеттік бағдарламада белгіленген 2011 жылдың көрсеткіштері мен жетістіктерінің мақсатты индикаторлары деңгейінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жайы мен дамуы туралы соңғы Ұлттық баяндамада көрсетілген деректер бойынша облыстар арасындағы көрсеткіште Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі алдыңғы қатардан орын алды. Бұл үлкен қажырлы еңбектің нәтижесі. Алайда, бүгін мекемелердің өзара бірлесіп көңіл бөлуін және  шешуін керек ететін мәселелерге тоқталғым келеді.

Осы жағдайды пайдалана отырып, білім берудегі мәселелерге көңіл бөліп, осы активті өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін, Нұрлан Асқарұлы, сізге шынайы ризашылығымыз бен алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз.

ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, Елбасының қолдауымен «Балапан» бағдарламасы табысты жүргізілуде, 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының даму Бағдарламасы жоспарға сай орындалуда.

Білім беру саласының бюджеті 2012 жылы облыстық бюджеттің 33%-ын немесе 37,5 млрд.теңгені құрады.

Бюджеттік қаржының көп бөлігі - 70,2%-ы педагог қызметкерлерінің еңбекақыларына тиесілі болды.

Білім беру саласына республикалық бюджеттен бөлінген трансферт  8,6%, немесе 3,279 млрд.теңгені құрайды.

Бұл негізінен білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілік санаттары, оқу кластарын жабдықтау, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау, инклюзивтік білім беруді дамыту үшін төленетін қосымша ақылар.

Мектептегі білім берудің 12 жылдық моделіне көшуге даярлықты қамтуды, жалпы білім берудің қолжетімді болуы мен сапасын жақсартуды  біз өзіміздің басты мақсатымыз деп есептейміз.

Бұл бағытта балабақшалар мен заманауи жалпы білім беретін мектептерді салу жоспарлы жүргізіліп келеді. Тек 2012 жылдың ішінде 9 объекті салынды, оның ішінде 5-уі республикалық бюджеттің есебінен, 4-уі шетел инвесторларының есебінен.

Тағы да 3 білім беру объектісі салынуда. 2 объекті шетелдік инвесторлар есебінен: Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылындағы 198 орындық жалпы білім беретін мектеп, Орал қаласының Самал көшесіндегі 350 орындық балабақшасы және республика бюджетінің есебінен Жәнібек ауданының Қамысты ауылында 300 орындық мектеп.

Құрметті әріптестер! Біз Елбасының «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартқанын білеміз.

Аталған бағдарламаны орындау мақсатында өткен жылы 900 орындық 3 балабақша құрылысынан басқа бос орындарды пайдалану есебінен жалпы білім беретін мектептерде 450 орындық 9 шағын орталық ашылса, оның 1-уі жеке шағын орталық.

Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдар саны 10 бірлікке ұлғайып 471-ді құраса, оның 143-і балабақша, 39-ы «мектеп-балабақша» кешені, 289-ы шағын орталық  (оның 5-уі жеке шағын орталық), оларда 27 мыңнан астам бала қамтылған.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту облыста 60,6%-ды құраса (республика- 48,2 %), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,6 % жоғары, 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95,3% болса (республика- 71,5%), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,3 % жоғары.

Бес-алты жастағы балаларды міңдетті мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрайды, республикалық бұл көрсеткіш - 94,7 %.

Қолға алынған шараларға қарамастан Орал қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалар санының азаймай отырғандығы байқалады. Қазіргі таңда кезекте 14 мыңнан астам бала тіркелген.

Көңіл аударуды қажет ететін тағы бір мәселе, бұл - мектепке дейінгі ұйымдардың техникалық жағдайы мен абаттандырылуы. Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 28,1 % -ында ыстық су жоқ, республикалық бұл  көрсеткіш 21 %,  кәріздік жүйесі жоқ МДҰ үлесі 33 %, республикалық бұл көрсеткіш- 15,7 %.  Казталов ауданында 14 МДҰ-да ыстық су жоқ болса, Шыңғырлау ауданында -10, Қаратөбе, Жәнібек, Сырым аудандарында 9 МДҰ-нан; кәріз жүйесі жоқ МДҰ саны Сырым ауданында - 8, Бөкей ордасы, Қаратөбе, Жәнібек аудандарында  7-ден, Жаңақала ауданында - 5.

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Балапан» бағдарламасының негізгі мақсаты - «біздің балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру» деп атап өткен болатын «Қазақстан-2050 Стратегиясында». Сондықтан барлығымыз мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа үлгілеріне көшуіміз және балаларды 100% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға жұмыстануымыз қажет.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Облыс бойынша контингенті 87 441 оқушыны құрайтын 413 жалпы білім беретін мектептер қызмет етеді. Олардың 93-і бастауыш, 73-і негізгі және 247-сі орта мектептер.

Жалпы орта білім берудегі ерекшеліктердің бірі - шағын жинақты мектептер (ШЖМ) саны үлесінің көптігі. Облыс бойынша 308 шағын жинақты мектептер қызмет етсе, бұл барлық мектептер санының 74,5%-ын құрайды. Мұндағы оқушылар контингенті 27 287 бала болса, бұл барлық оқушылардың  31,2 %-ын құрайды.

Шағын жинақты мектептердің үлесі Сырым - 92,5 %, Тасқала- 90,4%,  Қаратөбе- 90%, Жәнібек- 88,2%, Казталов- 86,9% аудандарының үлесінде. Әрине, ШЖМ-дің шығыны көп болады. Атап айтқанда, Тасқала ауданында 1 оқушыға жылына 375,7 мың теңге, Сырым ауданында -392,6 мың теңге,  Шыңғырлау ауданында -339,4  мың теңге, Қаратөбе ауданында – 364,4 мың теңге жұмсалады.

Облыс бойынша бір оқушыға шаққандағы орташа шығын 260,2 мың теңгені құрайды. (республикалық көрсеткіш 216,9 мың теңге).

Дегенмен, сынып және мектеп  толымдылығы мен бір оқушының шығындары  арасында кері тәуелділік байқалады. Аудандық білім беру бөлімдері мен педагогикалық ұжымдардың білім беру қызметін жүзеге асырудағы шығарылған өнімдерінің сапасына және ШЖМ оқушыларының білім сапасын арттыруға көңіл аударуы керек.

Облыстағы ШЖМ-дің 55,2%-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан болса, 59,7%- ында физика кабинеті, 58,7%-ында химия кабинеті, 34,2%-ында ЛМК бар. Материалдық-техникалық базасының әлсіздігі мен педагогикалық кадрлардың сапасының төмендігі – ШЖМ-дің білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алуына кедергілер туғызуда.
Қазіргі таңда облыстағы 126   ШЖМ (64%) педагогикалық кадрларының сапалық құрамының төмендігінен және жер телімі актісі мен ғимараттарының техникалық төлқұжатының жоқтығынан лицензия ала алмай отыр.

Мәселен, Ақжайық ауданында мектептердің 47,9%-ы  немесе 23 мектеп,  Жаңақала ауданында мектептердің 56%-ы немесе 13 мектеп, Бөкей ордасы ауданының 11 мектебі (53 %), Казталов ауданында 20 мектеп (43%) Тасқала ауданында 9 мектептің  (42%) білім беру қызметіне лицензиясы жоқ. Аудандық білім беру бөлімдері меңгерушілерінің хабарламалары бойынша бұл кемшіліктер ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында түзетілетін болса, ШЖМ-терді білікті педагогикалық кадрламен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі белгілі уақытты қажет ететіні мәлім. Жаңақала ауданындағы мектептердің 43%-ында, Казталов ауданында  30%-ында, Теректі ауданының  27%-ында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамының лицензиялық талаптарға сай келмеуі  ойландыратын жағдай.

Тағы бір проблемалық мәселе - бұл кейбір ШЖМ-терде оқушы контингентінің кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі.

Бұл мәселе де мектептерді лицензиялауда кедергі туғызуда. Егер оқу жылының басында 6 мектептің оқушы контингенті нормативке сай болмаса, 2013 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 35-ке дейін көбейді.

Оқушылар контингентінің нормативтен азаюы Шыңғырлау ауданының 11 мектебінде (57%), Сырым ауданының 6 мектебінде (22%), Тасқала,  Ақжайық, Теректі  аудандарының 4 мектептерінде орын алуда.

Әрине, ауылдық жерде мектептің қызмет етуі сол ауылдың сақталуына септігін тигізетіні белгілі.

Сондықтан, мектептердің материалдық-техникалық базасын  нормативке сәйкес келтіру, олардың  ғимаратының техникалық төлқұжатын, жер телімінің актісін жасақтау, педагог кадрлардың сапасын арттыру - аудандық білім беру бөлімдері мен ауылдық округ әкімдерінің, жалпы барлық деңгейдегі әкімдердің бірлескен жігерлі жұмысын қажет етеді.

Аудандық білім беру бөлімдеріне:

- 12 жылдық білім беру моделіне көшуді ескере отырып, 2015 жылға дейінгі жалпы білім беретін мектептер желісінің жағдайының картасын 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жасақтау;

- 2013 жылдың 20 тамызына дейін филиалдар болып қызмет еткен мектептердің педагог кадрларының сапасын, материалдық-техникалық базасын лицензиялық талаптарға сәйкестендіру;

- мектептердің медициналық кабинеттерін лицензиялау жөнінде қажетті жұмыстарды 2013 жылдың 20 тамызына дейін ұйымдастыру;

- облыстың жалпы білім беретін мектептерінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі жұмыстарды 2013 жылдың 20 тамызына дейін ұйымдастыру қажет;

Құрметті әріптестер!

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің білім мазмұнын меңгеруін сыртқы тәуелсіз бақылаудың бірден бір өлшемі - ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр.

2012 жылы тестілеуге 4 427 түлек немесе жалпы мектеп бітірушілерінің 72,65%-ы  қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп бітіруші түлектердің білім сапасы өткен жылғымен салыстырғанда 10,09 балға төмен  болып, 77,39  балды құрады, республикалық көрсеткіш 70,9 балл.

Қаратөбе (23,9 балға), Бөкей ордасы (18,30 балға), Бөрлі (15,76 балға) аудандарында орташа балдың едәуір төмендегендігі байқалады. Алайда, Бөрлі, Зеленов, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласының көрсеткіштері облыстық көрсеткіштен 3-8 балға жоғары болса, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Казталов аудандарының  көрсеткіштері соңғы 3 жылда төмен күйінде қалып отыр.

Нұрлан Асқарұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша, ҰБТ қорытындысы барлық аудандарда басқарма басшыларының қатысуымен  өткен аудан активтерінде қаралды.

Былтырғы жылдың шілде айында өткен білім басқармасының алқа мәжілісінде ҰБТ қорытындысы талданып, мектеп бітірушілердің үлгеріміне сараптама жасалды, аудандық білім беру бөлімдерінің есептері тыңдалып, алдағы оқу жылына ҰБТ-ға дайындық шаралары жоспарланды.

Біздің ойымызша , ҰБТ көрсеткішінің төмен болуының себебі  аудандық әдістемелік кабинеттер мен мектеп басшыларының сапалық құрамының төмен болуы, оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатындағы жүйелі жұмыстың жоқтығы және пәндердің берілу сапасына мониторинг жүргізілмеуі, мектеп басшыларының тарапынан жүйелі бақылаудың және тиісті деңгейде оқу-тәрбие процесіне басшылықтың жасалмауы, мектептердегі психологиялық жұмыстың төмендігі мен мектеп түлектерінің психологиялық тұрғыдан тестілеуге дайын болмауы, ата-аналармен тиісті байланыстың жоқтығы болып табылады. Осының барлығы оқушылардың білім сапасына әсерін тигізді.

Жіберілген кемшіліктері үшін аудандық білім беру бөлімдері мектеп басшыларына тиісті шараларын қолданды. Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының 5, Жаңақала ауданының 4, Казталов ауданының 2, Сырым ауданының 1мектеп директоры атқарып жүрген лауазымынан босатылды.

Әрине, бұл қолданылатын жазаның ең қатаң түрі болып табылады.

Құрметті әріптестер!

Орта білімнің сапасын арттыру педагогикалық кадрлардың жоғарғы кәсібилігіне байланысты болмақ. Жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кадрлардың 85,1%-ы жоғары білімді, республикалық көрсеткіш бойынша 87,9%.

Облыстың мектептерінде жоғары және бірінші санатты педагогтар үлесі  орташа республикалық көрсеткіштен сәл көбірек және 48,1%-ды құрайды, республикалық көрсеткіш бойынша 47,3%. Алайда, жоғары білікті педагогтар негізінде аудан орталығындағы ірі мектептерде және Орал қаласында шоғырланған. Солай, облыстық көрсеткіштен жоғары кадрлардың сапалық  құрамы  - облыстық мектептерде (78,1%), Ақсай қаласында  (56,3%), Орал қаласында (55%). Ең төмен көрсеткіш – Казталовка ауданында (38,7%).

Мұғалімдерді ынталандыру жүйесін құру арқылы кадрлық мәселелер шешілуі мүмкін. Ол үшін аудандық білім беру бөлімдеріне, мектеп басшыларына  әкімдіктерден нақты қолдау қажет.

Аудандық білім беру бөлімдері әрбір мұғалімнің біліктілігін арттыруды және кезекті біліктілік санатын беруді нақты жоспарлау қажет; мектептер арасында мұғалім кадрларды ауыстыру, болжамдалған мансаптық өсу және оның имиджін бекіту; педагогикалық оқу орындарына тарту мақсатында үлгерімі «өте жақсы» және «жақсы»  жоғары сынып оқушыларының арасында насихаттау жұмыстарын белсендіру.

Бүгінгі күні әдістемелік кабинеттер жұмысын «жақсы» деп бағалай алмаймыз, өйткені, 2012 жылы жоғары және бірінші біліктілік санатын растауға және алуға өтініш берген 1602 педагогтың тек қана 1503-і біліктілік санатын алды.   Шағын жинақты мектептер педагогтарының сапалық құрамын арттыруға, олардың біліктілігін көтеруге бағытталған  мақсатты жұмыстар мүлдем жүргізілмейді.

Қазір педагогтарға Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы арқылы өзін жаңа үлгіде кәсіби жетілдіруге мүмкіндік бар.

156 педагог  біліктілік курсынан өтті және біліктіліктің үшінші деңгейін меңгергені туралы сертификаттар алды, оларға 2012 жылдың қыркүйегінен бастап еңбекақыларына 30 % қосымша ақы төленуде.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша  үш деңгейлік курсты тағы да облыстың 189 педагогы және 19 педагог екінші деңгейлік курсты аяқтады.

Сонымен қатар, тұрғындары аз елді-мекендердегі шағын жинақты мектептердегі педагогтарды материалдық ынталандыруға және әлеуметтік кепілдік беруге әкімдіктердің қолдауы қажет (қызметтік үй беруге, коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеуге, жас отбасыларды қолдауға). 2012 жылы 365 педагогке көтерме төлемақы берілді, ал 180-іне үй алуға несие бөлінді.

Тек Бөрлі ауданының ауылдық жерлеріндегі мұғалімдеріне коммуналдық қызметтер қарастырылғанын атап көрсетуге болады.

Басшы кадрларды іріктеу мен орналастыруға да ерекше назар аударуды қажет етеді.

Облыстағы жалпы орта білім беретін мектептердің директорларының орташа жасы-41. Мектеп директорларының орташа педагогикалық өтілі 5 жылды құрайды.

Мектеп директорларының жиі ауысу жағдайлары орын алып отыр. Егер 2011 жылы жұмыс жасап отырған лауазымынан әр түрлі себептермен босатылғандар - 29 болса, ал 2012 жылы - 64 мектеп директоры ауысты. Екі жыл ішінде ең көп ауысқан Ақжайық және Казталов аудандарында (11 басшыдан), Тасқала, Теректі және Зеленов (10), Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында (8).

Мектеп әкімшілігі мүшелерінің бір мамандықтан болу жағдайлары да бар, мысалға Орал қаласында (32 мектепте), Ақжайық (17), Бөрлі (8) және Бөкей ордасы (4) аудандарында.

Директор – бұл мектептің келбетіне, мектептің тынысына, мектептің бейнесіне жауапты адам: инновациялық үрдістер жүргізіле ме, авторлық мектеп бола ма және қаншалықты бала денсаулығына әсер етеді, соның бәріне жауап береді.
Директор – әрі мұғалімдердің мұғалімі, тәлімгері, әдіскері.

Аудандық білім беру бөлімдері:

- мектептердегі оқу пәндерінен педагогикалық білімі жоқ, мамандығына сәйкес емес мұғалімдердің сабақ беру жағдайларын болдырмау;

- 2013 жылы жалпы орта білім беретін мектептер директорларының сапалық құрамын  және  әдістемелік кабинеттер қызметкерлерін пәндер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу;

- жалпы орта білім беретін мектептердегі, әсіресе шағын жинақты мектептердегі педагог кадрлардың сапалық құрамын кезең бойынша арттыру картасын дайындау қажет.

Аудан, ауылдық округтегі әкімдерден  шағын жинақты мектептерде жұмыс жасаған күннен бастап білікті педагогтарды орнықтыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар жүйесін қарастыру сұралады.

Аудандардың (қаланың) әдістемелік кабинеттері мен мектеп басшылары төмендегілерге қол жеткізуі қажет:

- жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқытудың сапасын арттыру, жаңа білім беру технологиясын қолдану мен ізденудегі, озық тәжірибелерді меңгерудегі мұғалімдердің ынтасын көтермелеу, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау мен тарату;

- педагогикалық кадрларды аттестаттауды ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, еңбек нәтижесіне деген жауапкершілік атмосферасын құру.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Қала мен ауылды бөліп келген негізгі факторлардың бірі - педагогтар мен оқушылардың ақпараттық қамтылуы. Бүгінгі күні, Интернеттің арқасында бұл шектеуден арылу мүмкіндігіне ие болдық.

Дегенмен, Интернет желісіне облыстың барлық 413 жалпы білім беретін мектебі қосылған. Олардың 124-і (30%) кеңжолақты Интернет желісіне ADSL технологиясы бойынша 512 Кбит/сек жылдамдықпен қосылған, қалған 289 мектеп (70%) Интернет желісіне тұрақты қатынауға мүмкіндік бермейтін Dial-up технологиясы бойынша (қарапайым телефон желісінің қолданылуымен) қосылып отыр.

Облыс мектептерінің компьютерлік техникамен жабдықталуы орта есеппен 1 компьютерге 9 оқушыны құрайды (республикалық көрсеткіш 16 оқушы). Аталған көрсеткіш бізді еш қуанта алмайды, өйткені мектептерде қолданылатын компьютерлік техниканың 20%-ы моральдық және физикалық тұрғыда ескірген.

Қымбатты әріптестер!

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы өзінің жуырда жариялаған Жолдауында «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» -деп атап өтті.

Өткен жылы барлық кәсіптік лицейлер колледждер болып қайта құрылды. 39 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (28 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 26 мыңнан астам адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда.

Облыс әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі Өңірлік Кеңес кәсіптік даярлауға дуальді жүйені енгізетін оқу орындары мен олардың әлеуметтік әріптестерін бекітті.  Әзірге бұл тек қана 7 колледж және 10 кәсіпорын болып отыр.

2012 жылы білім беру ұйымдары мен олардың әлеуметтік әріптестері арасында 1850 келісімдер жасалған, бұл алдынғы жылдан 125 келісім шартқа артық.

Алайда, әлеуметтік әріптестіктің оң өзгерістері, өкінішке орай, тым аз. Мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс орындарында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және машықтанудан өткізу көп қиындықтар туғызуда.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясында» «...халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және замауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етудің» - маңыздылығына айрықша тоқталды.

2012 жылы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілердің білімі мен біліктіліктерінің деңгейін тәуелсіз бағалаумен  125 мамандықтар мен біліктіліктер бойынша 5067 адам қамтылып, теориялық тестілеу мен практикалық жұмыстарды орындау қорытындысымен   4662 адам немесе қатысушылардың   92,0 %-ы сәйкестік сертификаттарын алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,6%-ға көп.

Мемлекет Басшысы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік пайдалы еңбекке бейімдеуге жағдай жасаудың маңыздылығын айрықша атап кеткен болатын. 2012 жылы облыс әкімдігі мен «Ел Барыс» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында тірек-қозғалыс мүшелері зақымдалғандар үшін «Техник-бағдарламашы» мамандығына даярлық басталды.

Бұл жұмыс 2013 жылы жалғасын табуда. Есту және сөйлеу қабілеті зақымдалған адамдарды қызмет көрсету саласына оқыту 2 колледждің базасында ұйымдастыру жоспарлануда.

Дейтұрғанмен техникалық және кәсіптік білім жүйесінде шешімін қажет ететін мәселелер де бар. Орал қаласының 3 мемлекеттік колледждерінің жатақханалары жоқ, ал Ақсай техникалық колледжінің жатақханасы апатты жағдайда, Орал жол-көлік колледжінің оқу шеберханасы,  7 оқу орынының типтік спорт залдары жоқ.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Өткен кезеңде облыста инклюзивті білім беруде біраз жұмыстар жасалды. Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы топтар саны 45%-ға, инклюзивті білім беру кабинеті 84%-ға өсті. Сонымен қатар облыста бірде-бір арнайы мектепке дейінгі ұйым жоқ, бұндай қажеттілік облыс орталығында да  туындап отыр.

128 мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл жалпы мектептер санының 31%-ын құрайды. Тек өткен жылы пандустармен қамтылған мектептер саны 29 бірлікке, балабақшалар саны 12 бірлікке артты.

Аудан орталықтарындағы педагогикалық-психологиялық кабинеттерде 2000-ға жуық бала сырттай түзеу көмегін алуын жалғастыруда.

Жүргізілген жұмыстар инклюзивті білім берумен қамтылған оқушылар санын өсіріп 42,7 %-ды құрады, республикалық көрсеткіш 22,2 %.

Бұл жұмыс Бөрлі, Теректі аудандары мен Орал қаласында қарқынды жүргізілуде.

Құрметті Нұрлан Асқарұлы! Осыдан 3 жыл бұрын Сіздің «Бәйтерек» МЕҰ мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесуіңізде дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды ерте жастан түзеуді қамтамасыз ету, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту үшін жағдай жасау және Орал қаласында оңалту орталығын ашу туралы сұрақтар көтерілген болатын.

Біз Ақтөбе және Өскемен облыстарының іс-тәжірибесімен танысып, нәтижесінде, бүгінгі күні бізде мектепке дейінгі ұйымда 22 инклюзивті кабинет ашылды, жаңадан іске қосылған барлық мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалуда.  Осындай жұмыстар мектептерде де жүргізілуде. Орал қалаcының  № 3 ЖОББМ базасында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 7 түзете дамыта оқыту сыныптары ашылды.

Білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес Орал қаласында 2014 жылы оңалту орталығын ашу жоспарлануда.

Сіздің тапсырмаңыз  бойынша Зеленов ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2 инклюзивті кабинет ашылды, жалпы білім беретін мектептерде 11 арнайы педагог (дефектолог және логопед) бірлігі енгізілді. Мектеп жасындағы балаларды инклюзивті білім берумен қамту көрсеткіші 11%-дан 26,3%-ға өсті.

Сонымен қатар дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды инклюзивті білім берумен қамту көрсеткіші Ақжайық (12,8%) және Сырым (18,7%) аудандарында әлі төмен деңгейде.

Инклюзивті білім беруді дамыту мүгедек бала мен басқа сыныптастары арасындағы психологиялық тосқауылды жоюға, және олардың арасында өзара бірдей қарым-қатынас қалыптастыра отырып, қолдау мен көмекті қажет ететін басқа адамдардай тең қарауға бағыттайды. Инклюзивті білімнің дамуы мүгедек баланың оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрімен еркін айналысуына кепіл болады.

Құрметті әріптестер!

Тағы бір өзекті мәселеге тоқталып кеткім келеді. ҚР «Білім туралы» Заңында Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына олардың білім алуы кезеңіндегі қаржылай шығыстарын толық немесе ішінара өтеу қарастырылған.  Осы орайда 2008 жылғы 1 желтоқсандағы ҚР Премьер-Министрінің «Жалпыға міндетті білім беру жүйесін жетілдіру туралы» тапсырмасымен әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету үшін жаппай оқумен қамту қоры қаржысын  жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың сомасының кемінде 3%-ы мөлшеріндегі қаражатқа жеткізу көзделген. Үкімет басшысының бұл тапсырмасы Бөрлі, Сырым, Шыңғырлау аудандарында (3%) орындалуда. Ал, Казталов, Жаңақала, Теректі аудандыранда бұл көрсеткіш 2%-дан төмен болса, Зеленов ауданында бұл көрсеткіш 1%-ды құрайды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша оқушылардың 21,3%-ның денсаулығында әр түрлі потологиялар бар, соның ішінде мектеп жасындағы балалардың 3%-ы ас қорыту жүйесінің түрлі ауруларына шалдыққан. Сондықтан мектеп оқушыларының денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасауға біз барынша жоғары деңгейде көңіл бөлуіміз керек.
Мектепте ыстық тамақ беруді ұйымдастыру - оқушы денсаулығын сақтау мен оқуға қабілеттерін арттырудың тиімді шараларының бірі.

Облыстың 378 мектебінде немесе  91,7%-ында бір мезгіл ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Оған барлық оқушылардың  73,4 %-ы қамтылып отыр, республикалық көрсеткіш 79%-ды құрайды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту Бөрлі ауданында (91%), Зеленов ауданында (83,9%), Ақжайық  ауданында (82,8%), Тасқала ауданында (78,3%) жоғары болса, Казталов (56,6%), Қаратөбе (64,5%) аудандарында және Орал қаласында (67,9%) төмен.  Осыған байланысты аз қамтылған жанұя балаларының 121-іне және бастауыш сынып оқушыларының 949-на ыстық тамақ берілмей отыр.

Оқушылардың тамақтануына қаражаттың бөлінуі әр түрлі. Мәселен, облыс бойынша 1 оқушыға ыстық тамақтың орташа құны 134 теңгені құрайды. Жәнібек ауданында 185 теңге, Тасқала ауданында 184 теңге, Теректі мен Бөрлі аудандарында 181 теңге болып облыстық деңгейден жоғары болса, Орал қаласында 112 теңге, Зеленов ауданында 110 теңге, Қаратөбе ауданында 104 теңге, Жаңақала ауданында 100 теңге, ал Казталов ауданында 84 теңгені құрап отыр.

Облыстың 63 мектебінде немесе 15,3%-ында  асханалар жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ал, 315 мектептің құрал-жабдықтарын жаңарту қажет.

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің ыстық тамақты ұйымдастырудағы жұмысын атап өтуге болады. Мұнда мектепалды дайындық тәрбиеленушілеріне және 1-11- сыныптың барлық оқушыларына тамақтану ұйымдастырылған, ал мектеп асханалары қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

Мектеп асханаларын жаңа технологиялық құралдармен жабдықтау үшін Аймақты дамыту Бағдарламасында жоспарланған қаражат 2011, 2012 жылдары бөлінбегені белгілі.

Облыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 56 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оларда 48 288 оқушы қамтылған, бұл барлық оқушылар санының 55%-ын құрайды. Балалар мен жасөспірімдерге аула клубтарында (15 аула клубтарында 11 604 оқушы) және спорттық мектептерде (26 спорттық мектепте 12 962 оқушы)  шұғылдануға мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі таңда қосымша білім берудің барлық түрлерімен оқушылардың 83%-ы (72 854) қамтылып отыр.

Оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығын нығайту мақсатында облыс мектептерінде спорттың қысқы және жазғы түрлерінен секциялар қызмет атқарады. Ағымдағы оқу жылында мектептердегі 1378 секцияларға 27 376 оқушы қатысуда.

Қосымша білім берудің басты міндеті - бала тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және дамыту үдерісін біріктіру, оның қабілетін ашу, қоғамға жат қылықтарының алдын алу мақсатында әлеуметтену мәселесін шешу.

Құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыруда алынған шараларға қарамастан, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін суицид, нашақорлық, токсикомания, алкоголизм, құқық бұзушылық сияқты мәселелер алаңдатады. Ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес 2012 жыл қорытындысы бойынша  172 факті қылмыс тіркелді, өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда 24,9 %-ға кеміді (2011 жылы – 229 факті).  Өкінішке орай, патронаттық тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы мүдделік қарама-қайшылық кесірінен патронаттық тәрбиешінің қайғылы өлімі орын алды, болашақ ұстаздар гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 студенті мүліктік (ұрлау, бопсалау) қылмыс жасады. Бұның барлығы тәрбие жұмысына,  әсіресе психологиялық қызметтің сапасына баға береді.

Білім ұйымдары басшыларының алдында «патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты, тәннің де, жанның да дамуын, заңға мойынұсынушылықты» тәрбиелеу міндеті тұр.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Президент жариялаған еліміздің жаңа экономикалық және саяси даму бағыты жастарға жоғары деңгейде білім беруге, яғни жарқын болашаққа бағытталған.

Сол болашақты тәрбиелейтін, қалыптастыратын біздер-білім беру саласының қызметкерлері. Осы мақсатта көптеген жұмыстар жасалды, ал атқарылар жұмыстар одан да көп.

Барлық деңгейдегі әкімдердің қолдауымен педагогикалық ұжымдар нарықтық экономика мен демократиялық қоғам талаптарына сай түлектер даярлауға мүмкіндік беретін сапалы білім беру жүйесін қалыптастыра алады деп сендіруге рұқсат етіңіздер.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі