«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру |
21.01.2020 00:00 |
«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй. Анықтама үшін телефон: 8(7112)26-04-74, (факс) 8 (7112) 26-04-68; е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript Әкімшілік бөлімінің бас маманы, еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты, жүктілік пен босану демалысына, (индексі № 01-2-6, 1 бірлік), «Д-О-4» санаты үшін жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108305 (min) тенгеден 146177 (max) теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңын орындау және осы жұмыстарды ведомствоға қарасты ұйымдарда жандандыру; қызметкерлердің еңбек кітапшаларының есебін жүргізіп, сақтау, қызметі бойынша олардың жүргізілуін бақылау; іс жүргізуді мемлекеттік тілге аудару бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне бақылау жүргізу; басылымдарға жазылуды ұйымдастырып, газет-журналдарды тігіп, басқарманың нұсқаулық әдістемелік әдебиеттерінің кітапханасын жүргізу; еңбекке жарамсыздық қағазын ресімдеу, басқарманың қызмет өткерген жылдарына еңбек өтілін қосу комиссиясының хатшысы; ПК-1,2, РИК-83 жыл сайын кадрлық статистикалық есепті жүргізу; білім басқармасының желілік кестесімен, WWW-сайтымен жұмыс; мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта дайындауды ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; жаңа форматтағы курстарға педагогтердін тізімін жасақтау және қадағалау; бөлім басшысының тапсырмасын орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Білім» мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының штат кестесінде осы лауазым (Д-О-4 санаты бойынша) төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. |