«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру |
21.01.2020 00:00 |
«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй. Анықтама үшін телефон: 8(7112)26-04-74, (факс) 8 (7112) 26-04-68; е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы кезеңіне (индекс №05-5-24, 1 бірлік), «Д-О-4» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108305 (min) теңгеден 146177 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ведомствоға бағынысты ұйымдардан қаржылық есептерді жинақтау (нығайту), есептерді жинақтау және олардың орындалуын бақылау; мемлекеттік кәсіпорындардын есептерін, дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есебін жинақтау; ведомствоға бағынысты ұйымдардың штаттық кестелері мен тарификациясын келісу; бюджет қаражаттарының игерілуін бақылау; ақылы қызметтердін мониторингі; аудандық білім беру бөлімдеріне, ведомствоға бағынысты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету; өтініштер мен хаттармен жұмыстану; бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; өз құзіреті шегінде басқа да мемлекеттік ұйымдармен қатынас орнату.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылым және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының штат кестесінде осы лауазым (Д-О-4 санаты бойынша) төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. |