«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
21.01.2020 00:00

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй. Анықтама үшін телефон: 8(7112)26-04-74, (факс) 8 (7112) 26-04-68; е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы (индексі № 04-1-17, 1 бірлік), «Д-О-3»     санаты үшін лауазымдық  жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 126357 (min)  теңгеден 170599 (max)   теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы  бойынша жұмыстар; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша жұмыстар; мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың орындалуын бақылау; бөлімнің ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастыру; іс қағаздарын жүргізуді бақылау, бөлім мамандарының жұмысын ұйымдастыру; есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, ұлттық білім беру деректер қорының сапалы толтырылуын бақылау; оқу орындарында материалды-техникалық базаларды сақтау және толықтыру, автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдану  бойынша жұмыстар, кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп     дуальді оқытуды іске асыру; мекемелер мен азаматтардың хаттары мен жазбаша өтініштерімен жұмыс; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қалалық, аулдық колледждерге жетекшілік ету.

Конкурс  қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Білім»  мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Құзереттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі