Білім басқармасы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мамандарына арналған «ППТК жағдайында топтық бағалау жұмыстарын өткізудің әдістері мен тәсілдері» атты семинар

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сай Шыңғырлау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 20 ақпанында білім басқармасы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мамандарына арналған «ППТК жағдайында топтық  бағалау жұмыстарын өткізудің әдістері мен тәсілдері» атты семинар оздырылды. Семинарға ПДПК және ППТК меңгерушілері және мамандары қатысты.

Семинарда жас ерекшеліктеріне сай жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып,  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды уақытылы ерте жастан анықтау және тексеру мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушыларды өзара таныстыру мақсатында  түзеу кабинетінің психологі Ж.Сандыбаева «Австралиядағы жаңбыр» атты психологиялық жаттығу өткізді. Шыңғырлау аудандық ППТК меңгерушісі А.Есенова  қатысушыларды ППТК-нің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырып, түзеу қабинеті балаларының жұмыстары көрмесін назарларына ұсынды.

ППТК дефектологі  Н.Баймұханова, психологі Ж.Сандыбаева, тәрбиешісі Қ.Рақымберлиева, педагог-логопеді Б.Мамбетова өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында Сырым аудандық ППТК ЕДШ мұғалімі Қ.Бисембиев және Теректі ауданының ППТК әуен ырғағы мұғалімі Б.Абуова белсенділік танытып, тәжірибе алмасты.

Семинар тақырыбына сай Шыңғырлау ауданының ППТК дефектологі Н.Ж.Баймұханова «Топтық бағалауды өткізу әдістемесі» тақырыбындағы баяндамасын дайындап, слайд және видеоролик түрінде балалармен өткізген зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарға қатысушылар арасында 3-4 жас аралығындағы балалар арасында топтық бағалау жүргізу ретінде практикалық жұмыс жасалып, жеке дамыту бағдарламасы құрылды.

Семинар барысында төмендегідей ұсыныстар қабылданды:

- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының жұмысы барысында даму мүмкіндігі  шектеулі балаларды анықтау және тексерістен өткізу жұмыстарын жүйелеу;

-  облыстағы ППТК мамандары арасындағы байланысты нығайту;

-  даму мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында  жаңа  әдістер мен технологияларды қолдануды  жетілдіру;

- түзеу кабинеттерінің оқу-тәрбиелеу үрдісіне даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын тарту мақсатында жұмыс жоспарын дайындау;

-  аудандық емханаларда есепте тұрған балалардың денсаулық жағдайын анықтау мақсатында уақытылы мәліметтер алып отыру;

- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, топтық бағалауды жүргізу бойынша әдістемелік құралдарды дайындап, оның облыстағы арнайы педагогтар арасында таралуын қадағалау;

-   инклюзивті білім беруді  жалпы білім беру үрдісіне кіріктіру бойынша түсінік-насихат жұмыстарын халық арасында енгізу шараларының жүргізілуін жүйелеу.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі