«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байқауы |
25.06.2019 14:44 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады. Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады. Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет. Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында өткізіледі. Қазақстанның атынан байқауға ұсынылатын үздік жұмыстар жартылай финалистерді іріктеу жөніндегі ұлттық конкурстық комиссияның отырысында анықталып, халықаралық қазылар алқасының қарауына жіберіледі. |