«Менің бастауым – менің ауылыма» атты балалар әлеуметтік жобалар байқауы өтуде |
21.02.2019 12:00 |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №80 хаты негізінде балалардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу мақсатында «Менің бастауым – менің ауылыма» атты балалар әлеуметтік жобалар байқауы 1 ақпан мен 20 сәуір аралығында (аудандық, облыстық деңгейде) өтіп жатқандығын хабарлайды. Аталған іс-шараның мақсаты балалардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, ауылының өміріне қатысуға құқығын қамтамасыз ету, қоғамдық маңызы бар іс-әрекетке қатысу, балалар бастамаларының іске асыру алаңың құру болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар Балалар құқығын қорғау комитетінің ресми сайтына және «Балалар бастауы – 2019» әлеуметтік жобалар жинағына енгізіліп, жарияланатын болады. «Менің бастауым – менің ауылыма» атты балалар әлеуметтік жобалар байқауының жалпы талаптары |