«Отбасы бақыты – ұлт бақыты» облыстық ата-аналар конференциясының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ |
27.12.2018 12:00 |
Орал қ. 2018 жылғы 11 қазан Орал қаласының оқушылар және жастар сарайының базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Отбасы бақыты – ұлт бақыты» облыстық ата-аналар конференциясы өтеді. Конференцияға БҚО білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы, профессор, филология ғылымдарының докторы Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Қыдырниязова Шолпан Батырқызы, журналист Балмолда Мұнайдар, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ-нің бөлім басшысы Раманкулов Азамат Аралбайұлы, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Саримова Хансұлу Мұханбеденқызы, сондай ақ аудандық,қалалық ата-аналар комитетінің өкілдері, БАҚ өкілдері, білім саласының қызметкерлері қатысады. Конференцияға қатысушылар саны - 100 . Уақыты: 11қазан 2018 жыл, сағат 15:00 Өткізілетін орны: Орал қаласы, Қадыр Мырза- Әлі атындағы шағынаудан, Құрылыс 18, Оқушылар және жастар сарайы Ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады: 24-60-54; e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript |