«ӨСУ ВЕКТОРЫ» мектебінің күзгі сессиясы
Friday, 19 October 2018 08:39

2018 жылдың 15-17 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологияларды таныстыру мақсатында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша мамандары, әдіскерлері мен мектепке дейінгі директорларына арналған «ӨСУ ВЕКТОРЫ» мектебінің күзгі сессиясын ұйымдастырды.

Мектеп жұмысына БҚО жалпы білім беретін мектептерінің жүзден астам мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша мамандары қатысты. «ӨСУ ВЕКТОРЫ» мектебі жұмысында «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығы, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат орталығы, Облыстық Хамза Есенжанов атындағы жасөспірімдер мен балаларға арналған кітапханасы, Облыстық орта білім беру сапасын ақпараттандыру орталығы мамандарының дәрістері тыңдалып, жергілікті ақын-жазушыларымен кездесу кештері, оқу курстары, шеберлік-сыныптары, дебат, дайджест, психологиялық тренингтер және т.б. шаралар ұйымдастырылды.

Мектептің үш күндік жұмысына қатысушылар шараны ұйымдастырушысы білім басқармасына өз алғыстарын білдірді. Қатысушылар демалыс лагерін осы күздің жарқын оқиғасы ретінде атап, бұндай жұмыс тәжірибесінің жалғасын табуына үміт білдірді және жағымды атмосфера, зияткерлік жұмыстар олардың келешекте кәсіби жетілулеріне жақсы импульс болғандығы туралы айтты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1

2

3

 

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан