«Биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу: тәжірибе, мәселе, перспектива»

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ел ретінде халықаралық білім кеңістігіне енді деуге негіз бар. Қоғамның рухани жаңғыруы, алдыңғы қатарлы өркениетті елдер секілді үштілді білім беруге көшу біздің Отанымызда да жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей» деп қадап айтқаны және бар.

 

Осы орайда үштілде білім беруді дамыту мақсатында БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу: тәжірибе, мәселе, перспектива» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Шараға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының биология, химия пәндерінің ұстаздары қатысты. Шара барысында ДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 ОҚМИҚ-нің биология пәнінің мұғалімі А.Хабдол және химия пәнінің мұғалімі А.Балтабай жиылған ұстаздарға дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан