САПАЛЫ ІШКІ ТАЛДАУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
Tuesday, 25 September 2018 16:46

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қай мемлекеттің болмасын өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның алдын алу үшін әр мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Яғни, жемқорлық деректерінің алдын-алу жұмыстарын күшейту керек. Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттер осыны көздейді. Осы орайда, 2018 жылы 18 сәуірде өткен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты білім саласы қызметкерлерімен кездесудің хаттамасының 4-тармағын орындау және түсіндіру мақсатында білім басқармасының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында семинар өткізілді. 
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Габдушев, З.Гумарова, әкімшілік бөлімінің басшысы Ж.Абдрахманова және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім беру мекемелерінің директорлары, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жауапты тұлғалары қатысты. 
Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, бейнероликтер көрсетті. 
Семинар барысында білім беру саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінде ішкі талдау жүргізу әдіс-тәсілдері, оның нәтижесі бойынша талдамалық анықтама құру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қабылдау бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріліп, сыбайлас жемқорлық субъектілері өкілдерінің жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды. 
Семинарды қорыта келе, БҚО білім басқармасының басшысы Н.Габдушев аталған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға айтылған мағлұматтардан сабақ алып, қоғамның дерті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуға шақырды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

1

2

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан